Kyzylorda-news.kz Жалағаш аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменовтің қатысуымен Қызылорда облыстық прокуратурасының бастамасы бойынша «Тұрмыстық зорлық-зомбылық» мәселелеріне қатысты ықпалдасу және кеңесу тәртібінде атқарылатын іс-шаралар туралы» Жалағаш ауданының прокуратурасы, аудандық ардагерлер кеңесі және аудандық әйелдер кеңесі арасында үшжақты меморандумға отыру рәсімі өтті. Жиынға Жалағаш аудандық полиция бөлімі, Жалағаш ауданы бойынша білім бөлімі, аудандық аурухана, аудандық пробация қызметі және басқа жауапты қызметкерлер қатысып, үшжақты меморандум бойынша атқарылатын іс-шаралармен танысты. 

– Бүгінде елімізде белең алған тұрмыстық заңбұзушылық өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Отбасындағы жанжалдың кесірінен болатын қылмыстардың жиілеп кетуіне қоғам алаңдаулы. Зерттеулер бойынша оның басты себептерінің біріне – маскүнемдік, жұмыссыздық, соған байланысты тұрмыс жағдайының ауырлығы сияқты әлеуметтік жағдайлар жатады. Тұрмыста жапа шегетіндер негізінен әйел адамдар. Ал, біздің мемлекетіміз үшін әйел-ананы қорғау ерекше мәселе, – деді жиында сөз алған аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Эльмира Абсатова.

Жиын қорытындысымен үшжақты меморандумның мақсаты мен алда атқарылатын шаралар талқыланып, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресті одан әрі күшейту мәселелері қаралды.

Тағы да оқыңыз: