Жалағаш ауданында 2024 жылдың 3 айында тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2863 бірлікті құраса, нақты жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2726 бірлікке жетті. Бұдн ауданда салаға серпін беру мақсатында атқарылған жұмыстардың нәтижеге жол ашқанын аңғару қиын емес. Бір жағынан тұрғындардың да мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдаланып жатқанын аңғару қиын емес. 

Макроэкономикалық көрсеткіштерге келсек, 2024 жылдың 3 айында негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 5 млрд. 429,4 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 111,1 пайызға орындалды. Ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары және жеке секторлары арқылы 2024 жылдың 3 айында 5 млрд. 775,0 млн. теңгені құрайтын өнеркәсіп өнімдері өндіріліп, 102,2 пайызды құрады. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібінің көлемі 2 млрд. 252,0 млн. теңгенінің өнімі өңдіріліп, 372,8 пайызды құрады.

Сонымен қатар, аудан бойынша бөлшек сауда айналымының көлемі 3 айда 780,0 млн теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,2 пайызға орындалып отыр. Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында шағын және орта кәсіпті бастау немесе жұмыс істеп тұрған кәсібін әрі қарай дамыту бағытында аудан бойынша жыл басынан 21 жоба 587,7 млн. теңгеге қаржыландырылды. 

 2024 жылға жоспарланған жалпы құны 441 млн теңгені құрайтын 6 жоба іске қосылғанда, 23 жаңа жұмыс орны ашылатын болады. Олардың қатарында жеке кәсіпкер М.Бисеновтың наубайхана құрылысы бар. Жоба құны 10,0 млн. теңгені құрайды. Өндіріс орны іске қосылса, 3 адам жұмыспен қамтылады. «Баба» ШҚ-ның ешкі сүтін өңдеу цехы да қаржылай қолдау тапқан жарқын жобалар қатарында. Жоба құны 20,0 млн теңгені құрайды. Өндіріс ошағы іске қосылса, 4 адам жұмыспен қамтылады. Жеке кәсіпкер С.Әбдікеровтың 3000 басқа арналған тауық фермасы да қаржылай қолдау тапқан. Жоба құны 91 млн. теңгені құрайды. Кәсіпорын іске қосылса, 5 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Жеке кәсіпкер Ш.Серіковтың 1000 басқа арналған құс фермасы да мемлекеттік бағдарламалар арқылы қаржылай қолдау тапқан. Жоба құны 20,0 млн. теңгені құрайды. Бұл өндіріс орны да іске қосылса, қосымша 3 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Жеке кәсіпкер Е.Кайповтың сауда орталығы да ауданда қаржылай қолдау тапқан жобалар санатында. Жоба құны 200,0 млн. теңгені құрайды. Орталық іске қосылса, 5 адам жұмыспен қамтылады. Б.Ахметованың сауда орталығы құрылысы да басталды. Жоба құны 100,0 млн. теңгені құрайды. Орталық іске қосылса, тағы 3 жұмыс орны ашылмақ. 

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес құрылған Бірыңғай Жалпыұлттық жобалар пулы, Өңдеу өнеркәсібіне бағытталған жобалар пулы, Бірыңғай индустрияландыру картасы аясында ағымдағы жылы 1 млрд. теңгені құрайтын екі жоба іске асырылуы жоспарлануда. Бірінші, Жеке кәсіпкер Д.Ержановтың жеке қаражаты есебінен құны 500,0 млн. тенгені құрайтын тәулігіне 30 тонна «күріш ақтау және жем өндіру зауыты». Жоба іске қосылғанда тәулігіне 30 тонна ақ күріш шығарып, 5 тонна жем өндіретін болады. 20 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда. Қазіргі таңда жер құжаттары толықтай рәсімделіп, техникалық шарттарын жасауда.

Екінші, «UNO-PROF Строй» ЖШС-ның «Асфальт өңдіру зауыты» құрылысы. Жоба құны жеке қаражат есебінен 500,0 млн. теңге. Жоба толықтай іске қосылған уақытта тәулігіне 800 тоннаға дейін өнім өндірілетін болады. Жаңадан 15 жұмыс орны құрылады деп күтілуде. Қазіргі таңда жобаны іске асыру бойынша аудан әкіміне жер сұрау бойынша өтініш жазылып, аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі тарапынан алдын ала зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Аудан бойынша мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізетін 4 жанармай бекеті («TS», «Берікбай», «Бейбарыс», «Султан») және 7 газ құю бекеті («TS», «Туран газ», «Туран Газ 2», «Арал Газ», «Азия Оңтүстік Пром», «Қызылорда Газ»,«Қызылорда Газ 2») жұмыс жасайды. Аудан бойынша жанармай және газ құю бекеттерінде мониторинг жұмыстарын жүргізу үшін «Мониторингтік топ құру туралы» аудан әкімінің  өкімі қабылданды. Жалағаш ауданы бойынша жанармай және сұйытылған газдың бағасын негізсіз өсіруді және тапшылықты болдырмау мақсатында мониторингтік топ газ құю бекеттерін аралап, түсіндірме жұмыстарын  тұрақты жүргізілуде. Негізсіз баға өсімі жоқ, жанармай және сұйытылған газ еркін сатылуда.

Жалпы ауданда бұрын кәсіпорындардың басым бөлігі егін және мал шаруашылығына бағытталатын. Бүгінде Жалағаш ауданында сала түрленген. Бұдан жергілікті халықтың ізденісін аңғару да қиын емес. бастысы, салада серпін бар. ал онда аудан жұртының өзіндік қолтаңбасы тағы бар.

Тағы да оқыңыз: