Kyzylorda-news.kz Былтыр аудан бюджетінен әлеуметтік көмек, жәрдемақыларға  553 510,2 мың теңге бөлінді. Оның 552 413,6 мың теңгесі игерілді. Яғни бұл бюджеттің 99, 8 пайызын құрайды. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке аудан бюджетінен 87 271,2 млн. теңге бөлінген болса, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасының бір жастан алты жасты қоса алғанға 13 702,8 млн. теңге қаралған. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі 19 учаскелік комиссия құрылды. Оның ішінде Жалағаш кенті бойынша 5 учаскелік комиссия, әр ауылдық округ бойынша 1 учаскелік комиссиялардан бекітілген. 

242 отбасына 86,7 млн атаулы көмек бөлінді

2023 жылы атаулы әлеуметтік көмек 242 отбасының 1424 мүшесіне 86,7 млн. теңге бөлінді. Ал атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасының бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі әр балаға 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 201 отбасының  376  баласына 13,6 млн.теңге барлығы 100,3 млн.теңге тағайындалып, төленді. 

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 242 отбасы өтініш білдірген. Яғни  1 424 тұрғын. Оның ішінде 893-ін 18 жасқа дейінгі балалар құрайды. Сонымен қатар, мүгедектігі бар 1 адам,  2 зейнеткер, 84 студент, 443 еңбекке қабілетті тұлғалар және басқа себеппен 1 адам тіркелді. Белсенді шараға қатысушылардың 24-і тұрақты жұмысқа орналасқан. Оның ішінде 9-ы қайтарымсыз грант алып, 63-і қоғамдық жұмысқа, 2-уі әлеуметтік жұмыс орнына, 3-уі жастар тәжірибиесіне жіберілген.   

Тұрғын үй көмегін көрсетуге аудан бюджетінен 823,0 мың теңге қаралған. Бүгінгі күнге 21 отбасының 50 мүшесіне 811,8 мың теңге тағайындалып, төленді.

Мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезден емделудің сүйемелдеу сатысындағы азаматтарға  2023 жылға қаралған қаржысы 9 510,0 мың теңге. 2023 жылға 55 азаматқа қосымша тамақтануға 9 508,9 мың теңге әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді.

«Отан Даңқ» ордендерімен наградталған, республикалық құрметті атағына ие болған 2 азаматқа 157,3 мың теңге әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда кемінде 6 ай жұмыс істеген 105 азаматқа облыстық бюджеттен 14 300,0 мың теңге, тағайындалып, төленді. Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқан 4 азаматқа 566,1 мың теңге тағайындалып, төленді. Кеңес армиясының мүгедек 4 азаматына 566,1 мың теңге төленді. Екінші рет некеге тұрмаған, қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне 2 азаматшаға 276,0 мың теңге төленді.

Сондай-ақ Ауған соғысына қатысқан 21 азаматқа аудандық бюджеттен 2 898,0 мың теңге, ал Семей ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен 15 азаматқа 2 122,6 мың теңге, Тәжік–Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған 14 азаматқа 1 977,6 мың теңге төленді. Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының 6 азаматына 797,0 мың теңге төленді. Өрттің салдарынан зардап шеккен 2 отбасына 1 035,0 мың теңге төленді.

Облыс әкімінің гранты бойынша 17 студентке 7 744,0 мың теңге оқу ақысына, 4 222,8 мың теңге тамақтануы мен тұруына, барлығы 11 966,8 мың теңге тағайындалып, төленді.

Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмекке қаралған қаржы 35 025,2  мың теңге, 2023 жылы  2 538 маманға 35 024,4 мың теңге тағайындалып, төленді. Саяси қуғын сүргін 9 адамға 155,3 мың теңге тағайындалып, төленді.

Мүгедектерді сауықтыру  жеке оңалту үшін 477 бағдарлама әзірленді

Жалағаш ауданы бойынша мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорына сәйкес 2023  жылы 984  мүгедектігі бар адам тіркелген, оның ішінде 229-ы 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар. Мүгедектерді сауықтыру  жеке оңалту үшін барлығы  692 жеке оңалту бағдарламасы  даярланып оның 477-сі немесе 68,9% орындалды. 2022 жылдың ауыспалы ЖОБ қоса есептегенде 1 423-і орындалды. 

2023 жылы 604 мүгедектігі бар адам міндетті гигиеналық құралдармен, 57-і  таяқпен, 23-і балдақпен, 4-уі жетек арбамен, 48-і кресло арбамен, 122-і санаторлы-курорттық жолдамамен, 92-сі тифлотехникалық құралдармен, 20-ы сурдотехникалық құралдармен, 146-сы протездік ортопедиялық құралдармен қамтамасыз етілді. Жалпы сипаттағы трансферттерден және жергілікті  бюджеттен оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша міндетті гигиеналық құралдарға қаралғаны барлығы 62 078,8 мың теңге техникалық көмекші  құралдарға 12 995,9 мың теңге. 

Сондай-ақ былтыр міндетті гигиеналық құралдардан 62 077,8 мың теңге, техникалық көмекші құралдарға 12 995,1 мың теңге қаржы игерілді. 

Айта кетейік, «Инва такси» қызметіне 2023 жылға облыстық бюджеттен 5 709,0 мың теңге қаржы қаралып, 5 708,8 мың теңге қаржы төленді. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде мүгедектігі бар тұлғаларды оңалту шараларын жүзеге асыру бойынша «Инватакси» қызметін ұйымдастыру «Тұран-Шах Қызылорда» мүгедектер қоғамдық бірлестігімен былтыр мамыр айынан бастап 5 708,8 мың теңгеге келісім шарт негізінде  2 автокөлік қызмет көрсетеді.  Мемлекеттік сатып алу порталында әлеуметтік тапсырыс шеңберінде конкурс жарияланды. Осы қызмет түрін мүгедектігі бар 83 адам пайдаланды. Есту кемістігі бар 6 мүгедектігі бар адамға 1 ымдау тілі маманы, жүріп-тұруы қиын І топтағы мүгедектігі бар 97 адамға жеке көмекші қызмет көрсетуде.

Былтыр ымдау тілі маманына жалпы сипаттағы трансферттерден-1 306,0 мың теңге (ЖСТ), жергілікті бюджеттен 1 122,0 мың теңге (ЖБ), барлығы 2427,1 мың теңге төленді. Одан бөлек, жеке көмекшілерге  жалпы сипаттағы трансферттерден 90 487,0 мың теңге (ЖСТ), жергілікті бюджеттен 21 487,3 мың теңге (ЖБ), барлығы 111 974,2 мың теңге төленді. Облыстық мүгедектерді оңалту орталығына баруға өтініш білдіргендерден былтыр 71 адам жіберілді. Оның ішінде 25-і зейнеткер. 

Қызылорда қаласындағы №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына 3 мүгедектігі бар адам орналастырылды. 

Аудан бойынша тірек қозғалыс аппараты бұзылған және психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектігі бар балаларға күндізгі стационар жағдайында 12 бала дейін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. 

«Кажмахан» жергілікті қоғамдық бірлестігімен 18 мамыр 2023 жылы келісім шарт жасалып, жергілікті бюджеттен 5 276,0 мың теңге қаржы төленді. Яғни 1 балаға 1 күнге 3 556,91 теңге қарастырылды. «Кажмахан» жергілікті қоғамдық бірлестігінде стационар жағдайында 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалардың күндізгі болу бөлімшесінде 12 бала қызмет көрсетіледі. 

Сондай-ақ мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша қаралған қаржы 4 555,0 мың теңгені құрайды. Яғни былтыр 62 мүгедектігі бар баланың ата-анасынан құжаттар қабылданып, 4524,1 мың теңге төленді. Жалағаш ауданы бойынша былтыр желтоқсанына  81 мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде 18 жасқа дейінгі 57 балаға үйден әлеуметтік қызмет көрсетілді.

Жыл басынан бері 6 адамға «Кәмелетке толмағандарға және әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қатысты» қорғаншылық немесе қамқоршылық тағайындау жөнінде өтініш түсіп, 4 адамға қорғаншылық немесе қамқоршылық тағайындалып, 2 адамнан бас тартылды. Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота туралы.

Жалағаш ауданы әкімдігінің «2023 жылға мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы» 2022 жылдың 15 қарашасында №216 қаулысымен 4 мекемеге 6 жұмыс орындарының саны бекітіліп, 2023 жылы жоспар 100,0 % орындалды. 

Анығырақ айтар болсақ, мүгедектердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ауданда 120 объекті, оның ішінде денсаулық сақтау объектілері бойынша-16, білім беру объектілері бойынша-21, мәдениет объектілері бойынша-13, спорт объектілері бойынша-3, мемлекеттік орган  бойынша-33, әлеуметтік объектілері-1, басқа сала объектілері бойынша -33 объект түгенделді. 

2023 жылға мүгедектігі бар адамдарға объектілерге бейімдеу жұмыстары бойынша 11 объекті оның ішінде, білім беру объектілері бойынша-3, мәдениет объектілері бойынша-1, спорт объектілері бойынша-2, мемлекеттік орган бойынша-1, басқа сала объектілері бойынша 4 обеъект жоспарланып, 2023 жылы 11 мекеме толық бейімделіп Республикалық қолжетімділіктің интерактивті картасына енгізілді. 

Еңбек мигранттарына еңбек қызметімен айналысуға рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қызметі бойынша 2023 жылы барлығы 99 өтініш түсіп, бөлім тарапынан барлығы қаралды. Оның ішінде, 61 өтінішке рұқсат берілсе, 20 өтініш ұзартылды, 18 өтінішке бас тарту берілген.

Жазасын өтеген 5 азамат жұмысқа орналасты

Жалағаш ауданы бойынша жаза өтеу орындарынан босатылған және аудандық пробация қызметінде есепте тұрған азаматтардың саны 57, оның ішінде 52-сі пробация қызметінде және 5-еуі  полиция бөлімінде есепке алынған. 

«2023 жылға Жалағаш ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы» Жалағаш аудан әкімдігінің 2022 жылғы 15 қарашадағы №217 қаулысымен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар үшін 1 жұмыс орны және аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға 5  жұмыс орындарына квоталар белгіленді, яғни былтыр 5 квота толығымен орындалды.

Жұмыссыздық деңгейі 4,4 пайызды құрайды        

Жалпы  былтыр 13 926 адам жұмыспен қамтылды. Ал жұмыссыздар саны – 750 адамды құрайды. Жалпы жұмыссыздық деңгейі – 5,1 пайыз. Ал жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі – 4,4 пайызды құрайды. Биыл қаңтар айынан бастап тіркелген жұмыссыздар саны – 303 адамды құрайды. Ал биылғы ұмыссыздық деңгейі  әзірге 2,1 пайыз

2023 жылға жоспарланған халықты жұмыспен қамту динамикасы бойынша  2 992  жұмыс орындары, оның ішінде тұрақтысы 1 722, уақытша 1 270 орындарын ашу жоспарланған. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 3 222 жұмыс орындары ашылды. Оның ішінде қолдау шараларынсыз 1 199,  жаңа жұмыс орындарының ашылуы бойынша 676 –тұрақты,  1 347 уақытша жұмыс орындары ашылды. Яғни жалпы жоспар бойынша 107,6 пайызы орындалды. Ұлттық жобалар аясында жоспар 46 адам болып бекітілсе, 75 адам жұмыспен қамтылып, оның 70 жұмыскеріне немесе 93,3 пайызы міндетті зейнетақы жарналары төленген. 

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантқа 198,7 млн. теңге қаржы бөлінді. Бұл 144 адамға беру жоспарланды. Жыл басынан бері 3-рет комиссия отырысы өтіп, 144 адам комиссияның оң шешімін алды. Жаңа бизнес идеяларға іске асыруға арналған грант жеңімпаздарына 198,7 млн.теңге қаржы төленді.

37 адам әлеуметтік жұмыс орны бағдарламасына жолданып, жоспар 100 пайызға орындалды. Оның ішінде 5 адам аяқтап, тұрақты жұмысқа орналасты. Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушыларға 3,9 млн. теңге қаржы төленді.

2023 жылы 257 адам жастар тәжірибесіне жолданды. Ақылы қоғамдық жұмыс орындарына 2024 жылғы 1 қаңтарға  948 адам жолданды. Мемлекеттік қолдау шараларынсыз жоспар бойынша 999 адам жұмыспен қамтылу қажет болса, 2024 жылғы 1 қаңтарға  1 199 адам жұмысқа орналасты.

2024 жылғы 1 қаңтарда  22 адам алғашқы жұмыс орнына жолданды, оның 12 адамы 2022 жылдан жалғастырушы. Күміс жас жобасына 23 адам жолданды. Оның ішінде «Бастау бизнес» жобасы бойынша курсты аяқтағаннан кейін өз ісін ашқандардың үлесі – 56 пайызды құрайды. Ал «Ауылдық жерде жаңа кәсіпкерлік субъектілерін құру» –100 пайызды құрайды. Яғни  144 адам өз кәсібін ашты.

Жыл басынан бері 7 рет бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді, онда 119 жұмыс берушілерден 270 бос жұмыс орындары ұсынылып, жәрмеңкеге қатысқан 415 жұмыссыздардың ішінен 256 адамға тұрақтыға, 29 адам уақытша жұмысқа орналастырылып, 130 адам мамандардан кеңес алды. Сонымен қатар жыл басынан бері 705 адамға жұмысынан айырылуына байланысты жәрдемақы тағайындалды.

«Жұмыспен қамтудың өңірлік картасы» шеңберінде ағымдағы жылы 12 жоба бойынша 46 жұмыс орынын ашу жоспарланған, оның ішінде 37 уақытша, 9 тұрақты.

Бүгінгі күнге 75 адам немесе 163 пайызы жұмысқа орналастырылды, олардың зейнетақы аударымдары 93,3 пайыз, ал еңбек келісім шартының болуы – 100 пайызды құрайды.

Тағы да оқыңыз: