Kyzylorda-news.kz Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтің тапсырмасына сәйкес құрылған арнайы жұмысшы топ бұған дейін де «Арай» шағын ауданындағы Текей батыр және Ж.Әбдіреев көшелері бойындағы кәсіпкерлік нысандарды аралап, көшенің құрылыс салу сызығын бұзып, мемлекет жерін заңсыз иеленіп отырғанын анықтаған болатын. 

Бұл жолы да Ж.Әбдіреев көшесі 9, 11, 17 а мекенжайларында құрылыс салу заңдылығы бұзылған жағдайлар анықталды. Мысалы, «Табын» құрылыс заттары орталығы тиісті аумақтан асып, заңсыз құрылыс жүргізген. Көшенің бетін жауып, құрылыс материалдарын тысқары шығарған. Сол секілді осы нысанға көрші азық-түлік дүкенінің иесі де заңсыз құрылыс жүргізу салдарынан жаяу жүргіншілер жолын бөгеп отыр. Ал, аталған көшенің 17 «а» мекенжайында орналасқан сауда орталығының иесі тиісті рұқсат қағаздарын рәсімдемей, дүңгіршек орналастырған. Сонымен бірге дәл осындай заңсыз әрекетті Астана даңғылы 37 мекенжайындағы «Айзере» кафесінің иесі де қайталып отыр. 

Заң бұзушылыққа жол берген кәсіпкерлерге ескерту жұмыстары жүргізіліп, шара қолдану жұмыстары Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет және қала құрылысы бақылау басқармасына жолданды. Алдағы уақытта тексеру жұмыстары жалғасын таппақ.

Тағы да оқыңыз: