Kyzylorda-news.kz Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында экономиканы жаңғыртудың негізгі тетіктерінің бірі ретінде жаппай цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын кеңінен енгізудің маңыздылығын атап өткен болатын. Бүгінде бұл бағыттағы жүйелі жұмыстар нақты нәтижесін беріп, өңдеу өнеркәсібінде жаңа серпін қалыптастыруда.

Оның айқын мысалы жиһаз өндірісінде табысты жұмыс істеп келе жатқан «Панабек» ЖШС. Кәсіпорын өндірістік процестерді толық цифрландыру арқылы өнім сапасын арттырып, еңбек өнімділігін едәуір ұлғайтты.

Осыған орай, «Панабек» ЖШС базасында кәсіпорынның өндірістік әлеуетін таныстыру мақсатында баспасөз туры ұйымдастырылды. Іс-шараға кәсіпорын басшылығы, сала мамандары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Өндіріс қуатын арттыру мақсатында кәсіпорын өңірлік инвестициялық орталық арқылы 59 млн теңге жеңілдетілген несие алған. Өндіріс процесі толықтай автоматтандырылып, қазіргі таңда фабрика жылына 35 мың данаға дейін кеңсе, асхана, мектеп парталары мен өзге де жиһаз түрлерін өндіріп келеді.
Кәсіпорын өнімдері облыс тұрғындары арасында жоғары сұранысқа ие. Айта кетейік, былтыр «Панабек» ЖШС

«Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауында «Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Қазіргі таңда зауыттың жылдық қуаттылығы 20 мың дана жиһазды құрайды. Өндірісте заманауи автоматтандыру және цифрлық басқару жүйелері толық енгізілген. Атап айтқанда, Hyundai маркалы роботтар ағаш кесу мен лазерлік дәнекерлеу жұмыстарын атқарады. Сонымен қатар, ЛДСП кесу орталықтары, ПВХ жабыстыру автоматтары, MDF өңдеу желілері, ЧПУ станоктары, металл өңдеуге арналған лазерлік және құбыр кесу құрылғылары кеңінен қолданылады. Алдағы кезеңде роботтандырылған желілерді кеңейту жоспарлануда.

Кәсіпорында 3D жобалау технологиялары енгізіліп, әрбір тапсырыс цифрлық форматта әзірленеді. Өндірістің барлық кезеңін қамтитын цифрлық бақылау жүйесі, оның ішінде ақауларды автоматты анықтау кешені өнім сапасын тұрақты қадағалауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде өндіріс толық басқарылатын цифрлық ортаға көшкен.

Инфрақұрылым аясында кәсіпорын аумағында 1000 шаршы метрлік шоурум мен көрме орталығы, 4000 шаршы метр өндірістік цех және заманауи қойма жұмыс істейді.

Панабек ЖШС.jpeg

– Қазіргі таңда өнімдер негізінен ішкі нарыққа бағытталған. Дегенмен, алдағы екі жылда компания Өзбекстан және Қырғызстан нарықтарына шығуды жоспарлап отырмыз. Осы бағытта халықаралық сертификаттау рәсімдері басталып, логистикалық тізбектер қалыптастырылып, серіктестермен келіссөздер жүргізілуде. Кәсіпорын мектеп жиһаздарын, кеңселік гарнитурларды, сауда витриналарын және авторлық үй жиһаздарын қоса алғанда, өнімнің кең түрін шығарады. 20 жыл бұрын шағын кәсіп ретінде басталған өндіріс бүгінде заманауи жиһаз фабрикасына айналды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан Келешек мектептері ұлттық жобасы аясында кәсіпорын 5 мектепті жиһазбен қамтамасыз еттік, – деді жиһаз фабрикасы директорының орынбасары А.Жеткерген.

Жалпы, «Панабек» ЖШС тәжірибесі цифрландыру мен автоматтандыруды тиімді енгізу арқылы өндірістің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға болатынын көрсетеді. Бұл өз кезегінде өңір экономикасының дамуына серпін беріп, отандық өнімнің экспорттық әлеуетін кеңейтуге мүмкіндік ашады.

Жиһаз фабрикасы директорының орынбасары Альбина Жеткергеннің айтуынша, «Панабек» ЖШС өндірістік процестерді толық цифрландыру арқылы еңбек өнімділігін арттырып, өнім сапасын жаңа деңгейге көтерген. Қазіргі таңда кәсіпорынның жылдық өндірістік қуаттылығы 20 мың дана жиһазды құрайды.

«Зауытта заманауи автоматтандыру жүйелері толық енгізілген. Hyundai маркалы роботтар ағаш кесу және лазерлік дәнекерлеу жұмыстарын атқарады. Сонымен қатар, ЛДСП кесу орталықтары, ПВХ жабыстыру автоматтары, MDF өңдеу желілері, ЧПУ станоктары және металл өңдеуге арналған лазерлік құрылғылар жұмыс істейді», – деді кәсіпорын директорының орынбасары.

 

Панабек ЖШС).jpegСондай-ақ, кәсіпорында 3D жобалау технологиялары енгізіліп, әрбір тапсырыс цифрлық форматта әзірленеді. Өндірістің барлық кезеңі цифрлық бақылау жүйесі арқылы қадағаланып, ақауларды автоматты анықтау кешені өнім сапасының тұрақты болуын қамтамасыз етеді.

Кәсіпорын мектеп жиһаздарын, кеңселік гарнитурларды, түрлі корпустық шешімдер мен авторлық үй жиһаздарын өндіреді. Бүгінде өнімдер негізінен ішкі нарыққа бағытталған. Дегенмен, алдағы екі жыл ішінде Өзбекстан мен Қырғызстан нарығына шығу жоспарланып отыр. Жиһаз фабрикасы директорының орынбасары Альбина Жеткергеннің айтуынша бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады және де өндірісті цифрландыру мен автоматтандыру кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырып қана қоймай, отандық өнімнің экспорттық әлеуетін кеңейтуге де мүмкіндік береді.

Негізінен жаңа жиһаз фабрикасының іске қосылуы өңіріміз үшін және облыс тұрғындары үшін үлкен мүмкіндік. Бұл дегеніміз өңірдің экономикасы мен кәсіпкерлік саласының дамуына септігін тигізсе, екінші жағынан жұмыссыз азаматтардың жұмыспен қамтылып, қоғамға тұрақты бейімделуіне және де отандық өнім көлемінің артуына, шағын әрі орта бизнестің дамуына оң әсерін тигізеді.

Панабек ЖШС.jpeg

Аружан ЕРАЛЫ

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Тағы да оқыңыз: