Kyzylorda-news.kz. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры Бейбіткүл Кәрімова мереке иелерін халықаралық студенттер күнімен құттықтап, бірқатар белсенді жасты университет төсбелгісімен және алғыс хатпен марапаттады.

Сонымен қатар, шара барысында университете ректоры студенттік жылдарында өткен жылы естеліктерімен бөлісіп, қызықты оқиғаларын айтып берді. Жылы жүздесу университет жастарының қатысуымен еріктілер жылы аясында түсірілген «Жақсылыққа бастар жол» атты қысқаметражды кинофильмнің тұсаукесірімен өз жалғасын тапты.

Айта кетейік, университетте қазіргі таңда 20 түрлі бағыттағы жастар ұйымы жұмыс жасайды. Яғни, жастар үшін мұнда сапалы біліммен қатар бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуға барлық мүмкіндіктер қарастырылған.

Жыл басынан бері университтет ректоры Бейбіткүл Кәрімова әлемде орын алған жағдайға қарамастан жастармен түрлі (онлайн) форматта жиындар өткізіп, студенттердің ой пікірлерін тыңдап, ұсыныстарын назарға алынды. Жастар тарапынан айтылған ұсыныстар нәтижесізде емес. Студент жастарға барлық жағдайлар жасалынып келеді. Ал білім алушылар тарапынан түрлі өнер мен білім бәйгелерінде топ жарып, киелі қара шаңырақ артқан абыройды биік ұстап жүр.

Тағы да оқыңыз: