Kyzylorda-news.kz Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті Жібек Жайсаңбай дзюдодан Ақтау қаласында өткен Азия кубогында жүлделі орынға ие болып, университет мерейін асқақтатты.
63 келі салмақ дәрежесінде белдескен спортшы халықаралық жарыста жоғары спорттық шеберлігін, табандылығы мен жеңіске деген жігерін танытып, күміс жүлдені иеленді. Бұл нәтиже — спортшының жүйелі дайындығының, қажырлы еңбегі мен мақсатқа деген ұмтылысының жемісі.
Азия кубогы — спортшылардың кәсіби деңгейін шыңдап, халықаралық аренада тәжірибе жинақтауына мүмкіндік беретін маңызды жарыстардың бірі. Осындай бәсекеде үздіктер қатарынан көріну Жібек Жайсаңбайдың алдағы додаларда бұдан да жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне жол ашады.
Университет ұжымы Жібек Жайсаңбайды айтулы жеңісімен құттықтап, алдағы жарыстарда сәттілік, толағай табыс және жаңа белестерді бағындыруына тілектестік білдіреді.
