фото: pixabay.com

Kyzylorda-news.kz. Қазақтың жыл санауы бойынша 2024 жылы ұлу жылы кіреді.  Ұлу туралы қызықты деректерді назарларыңызға ұсынамыз. 

Ұлулар соқыр және саңырау. Олар тек жарық пен қараңғылықты ғана ажыратады. Ал бір-бірімен жанасу арқылы байланысады. Ұлулар орташа есеппен 15 жыл өмір сүреді.

Қызықты деректер:

қолайсыз жағдай кезінде 6 айлық ұйқыға кете алады;

бір минуттың ішінде 7 сантиметр қашықтықты жүріп өтеді;

ұрпақ қалдыру үшін серіктес қажет емес;

өз салмағынан 10 есе ауыр затты тасымалдай алады;

ұлудың етіндегі ақуыз мөлшері тауықтың жұмыртқасынан көп;

тістерінің саны кез-келген акуладан көп;

өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, шешім қабылдай алады;

ең үлкен түрі – австралиялық ұлу, салмағы – 40 кг, ал ұзындығы – 30 см дейін жетеді.

Эволюция теориясының негізін қалаушы Чарльз Дарвин, ұлулар кез келген жағдайға бейімделе алатын тіршілік формасы екендігін мәлімдеген.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан

Тағы да оқыңыз: