Kyzylorda-news.kz. “Азаматтық бақылау-чек талап ет” және “Чек талап ет-сыйлық ұтып ал” акциялары республикада жүргізіліп жатыр.
Кез келген уақытта тұтынушыға чек берілмеген жағдайда, кәсіпкердің үстінен шағым түсуі мүмкін. Яғни, тұтынушыға тауар чегі ұсынылмаған жағдайда тұтынушы “Wipon” мобилді қосымшасы арқылы кірістер органына хабарлама жібереді, жіберілген хабарлама расталса, телефон теңгеріміне 1000 (бір мың) теңге сыйақы беріледі.
Облыс бойынша жалпы осындай чек бермеу фактісімен 44 хабарлама расталып, 44 салық төлеуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Күнделікті тұтынушыға чек беру кәсіпкерді айыппұлдан сақтайды.