Kyzylorda-news.kz Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «AMANAT» партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау кестесіне сәйкес кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды қабылдады. Тұрғындар емделу, тұрғын үй алу және жұмысқа орналасу мәселелерін қозғады.

Қабылдауға келіп ұсыныс-пікірін, өтінішін жеткізушілердің сауалдары назардан тыс қалмайды. Әрқайсысы толық зерттеліп, заң аясында шешілу жолдары қарастырылады. Кейбір сұрақтар бойынша түсіндірмені мамандар сол жерде берді. Бірқатарының шешілу жолдары көрсетілді.

Бүгінгі қабылдауда болған зейнеткер қамқорлығындағы баласын облыс әкімінің грантымен оқуға түсуіне көмек көрсетуді, қала тұрғыны облыс орталығынан жер беруді сұрады.

Аймақ басшысы биылға грант бөлінген жағдайда арнайы комиссияға ҰБТ қортындысымен құжат тапсыруға болатынын айтты. Сондай-ақ тұрғын үй, жер учаскесі тек заң аясында, белгіленген кезекке сәйкес берілетіні түсіндірілді. Басқа да көтерілген мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына тапсырмалар жүктелді. Жұмысқа орналасу мәселесі де заң аясында, конкурс арқылы шешіледі.

Еске салайық, тұрғындар облыс әкімінің, орынбасарларының, жауапты сала басшыларының қабылдауына egov.порталы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз: