Kyzylorda-news.kz Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында “Асыл мұра – Орда” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Аудан тұрғындары арасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы күреске бағытталған шараларды өткізу және діни ахуал туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында бірқатар маңызды кездесулер өткізілді.
Аталған шараларға Сарыағаш медресе колледжінің директоры «Әбішұлы Сатыбалды» мешітінің бас имамы, РАТТ және РАНТ мүшесі Сманов Дінмухаммед Абдужаппарұлы арнайы шақырылып, Жаңақорған ауданында әртүрлі сала өкілдерімен жүздесті.
Сапар барысында Дінмухаммед Абдужаппарұлы аудандық полиция бөлімінің ұжымымен, мәдениет саласының қызметкерлері, спорт саласының мамандарымен және дін қызметкерлері мен мешіт жамағатымен жүздесіп, қоғамдағы діни тұрақтылықты сақтау, дәстүрлі діни бағытты ұстанудың маңыздылығы, теріс діни ағымдардан сақтану жолдары туралы кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесулер мазмұнды пікір алмасуға ұласып, қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарға тұшымды жауаптар ала алды.