Kyzylorda-news.kz. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәлімдеуінше, 2 ақпанда қардың еруі және жауын-шашынның көп жаууы салдарынан Кентау және Түркістан қалаларында және Бәйдібек, Ордабасы және Сауран аудандарында аулалар мен көшелер су астында қалды.

Бүгін Түркістан облысы әкімдігі Сауран ауданы Бабайқорған ауыл округіне қарасты Бабайқорған, Абай, Үлгілі елдімекендерінде көшелер мен тұрғын үйлердің, мектептің ауласына су кіргенін хабарлады.

Айта кетейік, Бабайқорған Жаңақорған ауданына қарасты Жаманбай батыр ауылынан 25 шақырымдай жерде орналасқан. Ол жақтағы жағдай қалай болып жатқанын алдағы уақытта хабардар етеміз.

Тағы да оқыңыз: