Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов, білім бөлімі және аудандық жастар ресурстық орталығы, аудандық полиция бөлімімен бірге 24-25 мамыр аралығында түнгі рейд жұмыстары ұйымдастырылды. 

Жалағаш кентіндегі халық көп шоғырланатын орындар мен ойын-сауық орталықтарында нысан иесі мен тұрғындарға заң талаптарын түсіндіру және алдын алу шаралары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. 

Әсіресе, мектеп бітіруші түлектердің және жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар және жастар арасындағы құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында рейдтік жұмыстардың маңызы зор. Өйткені, мәселемен күрескеннен алдын алған абзалырақ екені белгілі.

Бала тәрбиесінде, жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мұғалімдер ғана емес, ең алдымен ата-ана жауапты. Сондықтан әрбір ата-ана жауапкершіліктен жалтармай, балаларының тәртібін қадағалап, үнемі бақылауда ұстауы және төмендегі ескертпені назарға алуы керек. 

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22:00-ден таңғы сағат 06:00-ге дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы - заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғады. 

Тағы да оқыңыз: