Kyzylorda-news.kz. Еліміздегі төтенше жағдай режимінде қоғамның тіршілігін қамтамасыз ететін, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті бақылайтын мекемелерден, жекелеген БАҚ-тан өзге мемлекеттік, квазимемсектор қызметшілерінің 70%-ын қашықтан жұмыс істеуге көшірген жөн. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында жазды.
«ТЖ режимінде қоғамның тіршілігін қамтамасыз ететін, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті бақылайтын мекемелерден, жекелеген БАҚ-тан өзге мемлекеттік, квазимемсектор қызметшілерінің 70%-ын қашықтан жұмыс істеуге көшірген жөн. Жеке кәсіпорындарға да осындай шараны қолдану ұсынылады» – деді Президент.
Айта кетейік, бүгін еліміздің Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына карантин режимі енгізілді.