Kyzylorda-news.kz  Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев олимпиада жүлдегерлерімен кездесуі керек болған.

Алайда, президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында президенттің Олимпиадаға қатысушылармен кездесуі бірнеше спортшыдан COVID-19 анықталуына байланысты кейінге қалдырылатыны туралы хабарлама жариялады.

Спортшылардың қайсысы коронавируспен ауырғаны туралы нақты айтылмаған.

"Кездесу тамыз айының соңында Ақордада өтеді", - деп атап өтті Уәли.

Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жарлығымен Париждегі ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарында жоғары спорттық жетістіктері үшін ұлттық құраманың спортшылары мен жаттықтырушыларын мемлекеттік наградалармен марапаттаған болатын.

Тағы да оқыңыз: