6 сәуірде су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеуінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев зардап шеккен халыққа көмектесу үшін Үкіметке мемлекеттік материалдық резервті пайдалануды тапсырғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Сондай-ақ Үкімет шығындарды өтеудің тиімді жолдарын шұғыл қарастыруға тиіс. Оны зардап шеккен азаматтарға жан-жақты түсіндіру керек. Берілетін өтемақы шығынды толық жабуы қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өз үндеуінде Президент су тасқыны табиғи апат екенін, мұндай ахуал ұзақ жылдан бері болмағанын, бұл көлемі жағынан соңғы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат деуге болатынын жеткізді

Сурет: akorda.kz

Тағы да оқыңыз: