Kyzylorda-news.kz. ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді. 

Іссапар барысында министр Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесу өткізіп, аймақтың төтенше жағдайдағы дайындық барысын баяндады. 

Атап айтқанда, өңірде 300-ден астам техника мен 700-ге жуық төтеншелік қысқы мезгілдегі түрлі апаттарға байланысты дайындықтан өткізілген. Сондай-ақ, кездесу барысында Төтенше жағдайлар министрі жыл сайын қысқы кезеңде адамдардың қаза болуын азайту бойынша бірқатар шаралар жүргізілетінін тілге тиек етті. 

Жалпы, Қызылорда облысында төтенше жағдайлар кезінде қаза тапқандардың саны 37 пайызға азайды. 

«Төтенше жағдайлар кезінде адам өлімінің азайғаны министрліктің басты көрсеткіші болып табылады. Мәселен, биылғы 10 айда Қызылорда облысы бойынша қаза тапқандар саны 37 пайызға азайды. Бұл ретте төрт жүзден астам төтенше жағдай тіркелді», - делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Төтенше жағдайлардың негізгі үлесі техногендік сипатта болады, бұл тұрғын үй секторындағы және көліктегі өрттер, ал суық түсуіне байланысты бұл көрсеткіш артады. Өздеріңіз білетіндей, 1 қазаннан бастап елімізде жылыту кезеңі басталды.

Айта кетейік, жиын соңында министр аймақ тілшілеріне арнайы брифинг өткізіп, бүгінгі сапардың нәтижесімен бөлісті.

Ильин.jpg
316033478_1668047716924067_8803718027150582813_n.jpg
315860025_1668047730257399_8081522347359107990_n.jpg

Тағы да оқыңыз: