Kyzylorda-news.kz.  «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев қызметінен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында палата сайтында жарияланған президиум төрағасының арнайы үндеуінен белгілі болды.

Тимур Құлыбаев 1966 жылы 10 қыркүйекте Алматыда дүниеге келген.

Соңғы жылдары Қазақстанның «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы, кәсіпкер, Қазақстандағы энергетикалық секторлар мен мұнай-газ кәсіпорындарын біріктіруші KAZENERGY қауымдастығының төрағасы қызметтерін атқарды.

Михаил Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолы:1988-1990 жылдары – Қазақ ССР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы Жоспарлау және нормативтер ғылыми-зерттеу экономикалық институтының экономисі, кіші ғылыми қызметкері.

1990-1992 жылдары – Қазақстанның Мәдени, әлеуметтік және ғылыми-техникалық даму қоры Ғылыми-консультациялық орталығының директоры.

1992-1997 жылдары – «Алтын Алма» Концерні» АҚ бас директоры, президенті, Қазақстанның халықаралық даму қорының бас директоры, «Altyn Alma» сауда үйінің президенті, «Алтын Алма» жабық үлгідегі акционерлік қоғамының президенті.

1995-1997 жылдары – «Алматы сауда-қаржы банкі» ЖАҚ Бақылау кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитеті Жобаларды бағалау және келіссөз жүргізу дирекциясының директоры.

1997-1999 жылдары – «Казақойл» Ұлттық мұнайгаз компаниясы» ЖАҚ экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті.

1999-2001 жылдары – «ҚазТрансОйл» Ұлттық мұнай тасымалдау компаниясы» ЖАҚ президенті, «ҚазТрансОйл» ЖАҚ бас директоры. 2001-2002 жылдары – «Мұнай және газ тасымалдау» Ұлттық компаниясы» ЖАҚ бас директоры.

2002 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» ЖАҚ бірінші вице-президенті болған. 2002 жылдан бері «ҚазТрансОйл» ЖАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы. 2006-2007 жылдары – «Самұрық» Ұлттық холдингтік компаниясы» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары.

2008 жылдың қазанынан – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары.

2009 жылдың қаңтарынан – Қазақстан бокс федерациясының президенті. 2010 жылдан – Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиадалық комитеті атқару комитетінің мүшесі.

2010 жылдың наурызынан Қазақстан Республикасы кәсіпкерлер бірлестігі үйлестіру кеңесінің мүшесі. 2010 жылдың сәуірінде «Атамекен» одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы төралқасының төрағасы болып сайланған.

2010 жылдың мамырында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің құрамына кірген. 2011 жылдың 12 сәуірінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалған.

«ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы. «Қазатомөнеркәсіп ұлттық атом компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы. Қазақстанның «Атамекен одағы» ҰЭП президиумының төрағасы (2010 жылдан).

Қазақстан Республикасы бокс федерациясының төрағасы. «Газпром» ААҚ директорлар кеңесінің мүшесі (2011 жылдың маусымынан).

Тағы да оқыңыз: