Kyzylorda-news.kz. Ел ордасы Астана қаласында сенбі, жексенбі күндері ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Қызылорда облысының тауарөндірушілерінің қатысуымен өткен тоқшылық мерекекесіне 60-қа жуық Сыр дихандары 50 жүк автокөлігімен 500 тоннаға жуық өнімді тұрғындарға ұсынды.
Оның ішінде 12 тоннадан аса теңіз маржаны мен 3 тоннадан астам Аралдың ақ алтыны тұзы төмен бағада сатылды. Сондай-ақ жәрмеңке сөресінде Аралдық кәсіпкерлердің ысталған және тұздалған балығы, көксерке филесі мен балықтан әзірленген өнімдер ұсынылды.
Алтын күздің берекелі мерекесінде елордалық тұрғындар Аралдың балығынан дәм тату үшін ұзын-сонар кезек күтті.