Kyzylorda-news.kz Бүгін Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласындағы «Теміржол саябағына» барды.

Қазіргі уақытта саябақтың тазалығы, тұрғындарға жайлылығы сын көтермейді. Бұған дейін әлеуметтік желі қолданушылары оның үнемі жабық тұратынына, тазалығына қатысты сыни пікірлер жариялаған еді.

Аймақ басшысы қала әкімі Нұржан Ахатовқа екі күн ішінде барлық кемшілікті қалпына келтіріп, тазалық жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Еске салайық, «Теміржол саябағы» «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында қайта жаңғыртылған болатын. Мұнда қала тұрғындары үшін волейбол, баскетбол, теннис және спорттық жаттығу алаңдары, субұрқақ салынған.

456328779_805370375117542_1824322061352180936_n.jpg

 

456426984_805370818450831_6812936388881589930_n.jpg

 

456184397_805370501784196_3323753086195120088_n.jpg

Тағы да оқыңыз: