Kyzylorda-news.kz. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мұрат Әбенов өңірдің құрылыс индустриясынның дамуына серпін беретін ірі жобаның бірі темірбетон бұйымдары зауытына барды. 

«Жобаның жалпы құны – 2,6 миллиард теңге. Оның 370 миллион теңгесі «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы қаржыландырылған. Бүгінде мұнда күніне 200 текше метр темірбетон бұйымдары өндіріледі. Өндіріске қажетті шикізаттар жергілікті жерден алынады. Зауытта қазіргі таңда 100-ден аса маман тұрақты жұмыспен қамтылды», - дейді облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Дінмұхамед Абсаттаров.

Зауыт басшысы Исламғали Қозбақов кездесу барысында өндіріс саласындағы кадрлардың айналымын тұрақтандыру мақсатында мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегіне жұмысшы мамандарды қосуды, мұнай сервисі саласында жұмыс істейтін азаматтардың мерзімінен бұрын зейнетке шығуы туралы мәселелерді қозғады. Халық қалаулысы осы мәселеге қатысты кәсіпорын жұмысшыларымен әңгімелесіп, пікірлерін тыңдап, олардың талап-тілектері мен ұсыныстарын назарға алды.

415432436_7134098646633148_2613989525926741737_n.jpg

Мұнан соң фракция мүшесі жеке кәсіпкер Азамат Кобдиковтың бастамасымен жүзеге асқан наубайхананың жұмысымен танысты. Наубайxана нан пісіруге қажетті барлық заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Мұнда күніне тапсырысқа сай 10 000 дана нан пісіріледі. Наннан өзге кондитерлік өнімдер де сатылымға шығарылады. 

«Кәсіпкерлік нысанда 70 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жалпы құны 400 миллион теңгені құрайтын наубайхананы іске қосу үшін кәсіпкер жеке қаражаты есебінен 215 миллион теңге және «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба аясында субсидиялау бағыты бойынша «Даму кәсіпкерлікті қолдау қоры» арқылы 185 миллион теңгеге «Халық банкінен» қаржы алған», - дейді Дінмұхамед Абсаттаров.

Тағы да оқыңыз: