Kyzylorda-news.kz Бүгін ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебайдың төрағалығымен өңір әкімдерімен кеңес өтті. Күн тәртібінде «Таза Қазақстан» бағдарламасының іске асырылуы,  туристік дестинацияларды дамыту,  мемлекеттік орман қорына 2 млрд ағаш отырғызу,  экопарктер құру мәселелері қаралды. Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов селекторлық режим арқылы қатысты.

Президент бастамасымен жүзеге асқан «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өңірде санитарлық тазалық, абаттандыру және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Таза Қазақстан мәжіліс 2.jpg

Бюджет қаражатынан бөлек, демеушілер есебінен демалыс, ойын-спорт алаңдары жаңартылып, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар жөндеуден өтуде. Соңғы жылдары Қызылорда қаласындағы орталық алаң, мәдени-демалыс паркі мен Қорқыт ата сквері қайта жаңғыртылды.

Ауылдарды дамыту мақсатында «Үлгілі елді мекен» конкурсы өткізіліп, үш жылда 2,064 млрд теңгенің 67 техникасы табысталды. Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару бағытында «Жасыл даму» АҚ қаржыландыруымен 98,7 млрд теңгенің 9 жобасы жүзеге асырылуда.

Жаңақорған ауданында қалдықтарды сұрыптау кешені толық қаржыландырылып, жабдықтары жеткізілді. Сырдария ауданында облыстық бюджет есебінен 475 млн теңгеге сұрыптау кешені бар қалдықтар полигоны салынып, пайдалануға берілді.

Таза Қазақстан мәжіліс 4.jpg

Аймаққа  өткен жылы 212 278 турист келіп, көрсеткіш 25,4 пайызға өскен. Қызмет көрсету көлемі 3 млрд. 288 млн. теңгеге, яғни 42,8 пайызға артты. Тұрғындар мен туристерге қолайлы жағдай жасау үшін ауқымды жұмыс атқарылуда.

Қайта жаңғыртылған теміржол вокзалы мен «Қорқыт ата әуежайында» туристерге арналған виртуалды карта әзірленіп, QR кодтар орнатылды. Экскурсияға келушілерге жаңадан салынған, тарихи мәліметтермен толықтырылған заманауи музей қызмет көрсетеді.

Өңірдегі демалыс парктері жаңартылып, туристерге қолайлы әрі қауіпсіз болуы үшін барлық жағдай жасалды. Қауіпсіздікті күшейту мақсатында адам көп шоғырланатын орындарға 102 және SOS батырмаларының 15 құрылғысы орнатылды.

Туристік инфрақұрылымды дамыту аясында халықаралық деңгейдегі бесжұлдызды қонақүй, IBIS Qyzylorda және Pana қонақүйлері бой көтеріп, аудан орталықтардағы теміржол вокзалдары қайта жаңғыртылуда.

Таза Қазақстан мәжіліс 3.jpg

Тағы да оқыңыз: