Тәрбиенің түп қазығы ұлттық құндылықтар болып табылады. Өйткені ұлттық құндылықтарымыз арқылы өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігі артады, олардың рухани-адамгершілік қасиеттері дамиды. 

Ұлттық құндылықтар – жас ұрпақтың қоғамның толыққанды мүшесі ретінде қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. «Аmanat» партиясы Жалағаш аудандық филиалы, «ЖИАК Энергетик» бастауыш партия ұйымының бірлесіп ұйымдасуымен партияның «Ұлттық мұра» жобасы аясында «Этно ауыл» жазғы демалыс алаңы тақырыбында іс-шарасы өтті. 

Аталған шараға жазғы демалыс уақытындағы тынығушы мектеп оқушыларына келі мен келі сап арқылы бидай дақылын түйіп, бауырсақ пісіріп, нан жабу, қол диірмені арқылы тарыны ұнтақтауды, жент дайындау тәсілдері үйретілді. 

Жас ұрпақ – біздің болашағымыз. Өскелең ұрпақтың ұлттық құндылықты білуі және оны күнделікті өмірде қолдануы мәдениетіміздің дамуына алып келеді. «AМANAT» партиясының «Ұлттық мұра» жобасы ұлттық құндылықтарымыз дәріптеуде жұмыс жасайды. Ұлттық құндылықтарымыз – ұлтымыздың мәңгілік қорғаушы шамшырағы. Ұлттың қорғаны – бұл біздің ұлттық болмысымызды көрсететін тіліміз, дәстүріміз және рухани мұрамыз – деді партияның аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева. 

– Ұлттық құндылықтар ұлтты құрметтеуден басталады. «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында ұйымдастырылған шара арқылы оқушыларға ұлттық құндылықтарымыз үйрету. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғау оны дәріптеу баршамыздың міндетіміз болып табылады – деді «ЖИАК Энергетик» БПҰ төрағасы Нұрхан Әбдіқалықов.

Тағы да оқыңыз: