Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев спорт жаттықтырушыларымен кездесті.

Кездесуге аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Мешітбаева, №11 Сырдария ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің директоры Б.Есенов, Сырдария спорт клубының директоры Б.Ахметов, спорт саласының ардагерлері және спорт жаттықтырушылар қатысты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында «Барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту маңызды. Бұқаралық дене шынықтыруды өркендету ісі жаңа чемпиондар шыңына шығатын пирамидаға айналуы тиіс»- деп атап өтті.

Бүгінде ауданда түрлі деңгейдегі 130 спорт нысаны жұмыс жасауда. Аудан бойынша 11875 адам тұрақты түрде ,57 дене шынықтыру ұжымдарында спортпен шұғылдануда. Бұл аудан халқының 31 пайызын құрап отыр. Түрлі деңгейдегі жарыстардан спортшыларымыз жетістіктерге жетіп, аудан спортының дамуына өз үлестерін қосып келеді.

Аудан басшысы биылғы жылдың 27 қазанында басталатын «Алтын күз-2021» облыстық спартакиадасында спортшыларымыздың жоғары жетістіктерге жетіп, жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілектестігін білдірді.

Кездесу барысында спорт саласының ардагерлері Бақытжан Абдулпаттаев пен Мектепхан Елеусінов ауданның спорт саласының дамуына, жан-жақты насихатталуына әлі де үлес қосатындарын айтты.

Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев спорт жаттықтырушыларына бүгінгі айтылған ұсыныс-пікірлері назарға алынып, алдағы уақытта шешілу жолдары қарастырылатын айтты.

Тағы да оқыңыз: