Kyzylorda-news.kz. Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанған боксшы Қамшыбек Қоңқабаев елге оралды. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жақсылық Оспанов пен спорт саласының қызметкерлері мен бапкерлері Камшыбек Қоңқабаевты туған жерде күтіп алды.

Жерлестері спортшыны Алматы халықаралық әуежайында салтанатты түрде қарсы алып, жеңісімен құттықтады.

Айта кетейік, 12 тамыз күні Қамшыбек Қоңқабаев Қызылорда облысына ұшып келеді.

Еске сала кетейік, аса ауыр салмақтағы (+91кг) боксшы Қамшыбек Қоңқабаев – Токиода өткен Олимпиада-2020 ойындарында бокстан Қазақстан құрамасының жетекшісі, Қазақстан Республикасының Туын ұстаушылардың бірі.

Жарыста боксшы мысырлық Юсри Хафезді және ширек финалда Ресей Олимпиада комитетінің өкілі Иван Верясовты жеңген болатын. Жартылай финалда спортшы америкалық Ричард Торреспен жұдырықтасты.

Қамшыбек Қоңқабаев Әлем чемпионатының екі, Азия чемпионатының үш дүркін күміс жүлдегері.

Тағы да оқыңыз: