Фото: dauletten.kz
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының Қоғамдық даму басқармасы «Сыр жастары» бағдарламасы аясында өткізілген конкурс қорытындысы бойынша «Отбасы» банкінде төлем қабілеттілігін тексеруден өтуге жолдама алған 100 үміткердің тізімін ұсынды. Ол өңірдегі жастарды жеңілдетілген ипотекалық несиемен қамтамасыз етуге бағытталған.
Банктен жолдама алған өтініш берушінің төлем қабілетсіздігі анықталған жағдайда, жолдама автоматты түрде тізімдегі оның жанындағы осы өтініш берушінің санатындағы үміткерге беріледі.
Сондай-ақ байқаудың нәтижелерін kezekte.kz порталының «Jastar» ақпараттық сервисінен көруге болады. Тізім осында.