Kyzylorda-news.kz. ҚР Спорт күні мерекесіне орай облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасының ұйымдастыруымен кермеге тартылудан облыс біріншілігі өтті.
Онлайн жүйеде бірінші мəрте өткізілген жарыста қала мен аудандардан 18-23, 24-29 жəне 30-35 жас аралығында 40-тан аса спортшы бақ сынасты.
18-23 жас аралығында сайысқа түскендердің арасында І орынды Данияр Кеңесов жеңіп алса, Мағжан Абатбай екінші, Қанжарбек Əбділбаев үшінші орындарды иеленді.
24-29 жас аралығында өнер көрсеткен Ақберен Қуандықов облыс чемпионы атанса, Бауыржан Нұрманов ІІ орынды, Ғазиз Бектұрсын ІІІ орындарды еншіледі.
Ал 30-35 жас аралығында сынға түскен спортшылар арасында Жасұлан Сержановқа тең келер ешкім болмады. Мұрат Бөдеев күміс, Бауыржан Райсов қола жүлдеге ие болды.
Жеңімпаздарға медаль, дипломдар табысталды.