Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласында 2021 жылдан бері жасөспірімдерге арналған коучинг қызметін көрсететін EQ академиясы бар. Бұл оқуға бағытталған жұмыс серіктестігі. Яки икемді дағдыларды (SOFT SKILLS), эмоционалдық интеллектті, топтық жұмысты, мәселелерді шешуді, уақыт пен стрессті басқаруды, жоспарлау мен көшбасшылық дағдыларды дамытуға бағытталған бағдарлама. Еліміздегі аймақ төңірегінде жалғыз коучинг қызметін көрсететін академия екенін айта кеткен жөн.

Жалпы, коучинг термині өткен ғасырдың 80-жылдары АҚШ-та басталған. Алғашында спорт жаттықтырушысы ретінде қолданысқа ие болса, кейін ауқымы кеңейіп, жеке және іскерлік коучинг салаларын қамтыды. Коучингтің пайда болуы бизнесті дамытудың кілті, персоналмен жұмыс істеудің жаңа әдістерін қалыптастыру және жеке қарым-қатынас орнатудың нағыз серпілісі болды. 

6f44ffff-29a4-4024-adfe-a28e40df8fd1.jpg

Міне, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты азайту, керісінше оларды дамытуды басты нысынаға алған академияны психолог Жазира Темірбаева ашты. Бүгінде 30 жуық шәкіртке бағыт-бағдар көрсетуде.

- EQ академиясының маңызды бөлігі ол – оқушыларға уақытты қалай тиімді қолдануға болатынын, және де ұйымдастырушылық немесе ретсіздік деңгейі қалай әсер ететінін түсіндіру. Бүгінгі таңдағы маңызды мәселелердің бірі – тесттік интерпретация. Бұл тесттік интерпретация студентке өзі бейімделген мамандықты таңдауға көмектеседі. Сонымен қатар, коучинктық тәсілдің маңызды бөлігіне мақсат қою да кіреді. EQ академиясының жұмысы құр сөзбен айту қиын. Себебі әр адамның жаны әртүрлі. Әрқайсысына жеке бағыт керек. Уайым ертеңгі мәселені шешпейді, тек бүгінгі мазамызды алады деп жатады ғой. Демек, сізді бір нәрсе алаңдатады. Кез келген мәселе болса, оның шешімі де болады. Тек эмоционалды интеллекті жоғары адам бәріне төтеп бере алады. Ғалымдардың зерттеуі бойынша IQ деңгейі жоғары болса да, эмоционалдық интеллекті дамыған студенттердің бағалары мен сынақ ұпайлары олардың сыныптастарынан жоғары екенін анықтаған, - деді EQ академиясының директоры Жазира Темірбаева.

860c1e5e-d802-4744-a7a2-7c265884e51d.jpg

Жақында ғана EQ академиясының шәкірттері мен ата-аналарының басқосуы ұйымдастырылды. Бұл кеш эмоцияға толы болды. Қаншама айта алмаған сыр, шырмалған тордай болған мәселенің түйіні кездесуде шешілген. Әрі қарай да EQ академиясы шәкірт санын көбейтіп, бақытты адамдар қатарын толтыруды жоспарлап отыр. Айтуларынша, бақытты адам – өзін, сезімін және т.т. дүниелерді сезетін адам. Шәкірт санының көптігі емес, сапасы маңызды деп жатамыз. Алайда сан да сапаға айналатындығын ескерген дұрыс.

Азамат АБИМОЛДА

Тағы да оқыңыз: