Kyzylorda-news.kz "Жаңарған Жаңақорған жастары" қоғамдық қорының жастары жыл сайын баспанаға аса мұқтаж отбасыларға баспана кілтін табыстауды дәстүрге айналдырған.

Биыл да қасиетті Рамазан айында белсенді жастар бір жұдырықтай бірігіп, 13-ші баспананың іргетасын қалады. Игі бастамаға аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов, "Amanat” партиясы аудандық филиалының төрағасы Арман Мажитов, аудандық мәслихат депутаты Данияр Досантаев, ауданның бас имамы Әбдіхалық қажы Наметов, ел ағалары Сайділла Омаров, Ержан Сейтжаппаров, Еркін Абдуллаев арнайы қатысып, ізгілікті іс жасауға кіріскен ерікті жастарға алғыстарын білдірді.

Көптің қолдауымен 30 күн ішінде тұрғын үй құрылысы аяқталып, баспана кілті мұқтаж отбасыға табысталатын болады.

Жаңақорғандық жастар 2.jpg

Тағы да оқыңыз: