Kyzylorda-news.kz. Жыл басынан бері облыс аумағындағы су айдындарында 11 адам қаза болды. Оның 5-і бала. Өткен жылы дәл осы кезеңде 18 адам суға кеткен, оның 13-і бала. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брфингтке облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма басшысы Асхат Тоғызбаев мәлімдеді.

Облыс аумағымен өтетін Сырдария өзенінің ұзындығы 1274 шақырымды құрайды. Мұнан басқа 19 ірі канал, 220 шағын канал және 207 көл облыс аумағында орналасқан және 64 қауіпті учаске бар.
Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Полиция департаментімен бірлесіп бүгінге дейін ҚР ӘҚБ туралы Кодексінің 364-бабы бойынша 8 адамға ескерту шарасы көрілді.

«Айта кету керек, ұжымдар мен оқу орындары жастарының жаз айларында табиғатқа шығып, демалыстарын өзен мен көлдердің жағасында ұйымдастыруы соңғы жылдары көптеп орын алуда және осындай кейбір демалыстар бақытсыз жағдайлармен аяқталып жатады.
Облыс аумағында суға шомылуға рұқсат етілген 2 жеке жағажай жұмыс жасап жатыр. Ол Қызылорда қаласындағы «Сыр-самалы» және Белкөл кентінде орналасқан «Абай» демалыс орындары. Қазіргі таңда аудандарда 4 коммуналдық жағажайдың қаулысы әзірленуде», – деді Асхат Талантұлы.

Тағы да оқыңыз: