Жалағаш аудан әкімі Ардақ Ибраимов аудан аумағындағы автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағалары мен мөлшері бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, тұрғындарды жеткілікті мөлшерде кедергісіз сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету шаралары тұрақты ұйымдастырылуда. Зерделеу жұмыстарынан жауапты сала басшылары қатысып, алдағы қажетті қорды сақтап отыру мақсатындағы нақты тапсырмалар берілді.

Бүгінгі таңда Жалағаш ауданы бойынша жанар-жағармай өткізумен айналысатын 3 оператор, 4 жанар-жағармай құю бекеті орналасқан болатын. 

Сонымен қатар сұйытылған мұнай газы бойынша 5 оператор, 6 газ құю бекеті жұмыс жасайды. Сыйымдылығы 55, 5 тонна. Қазіргі таңда, 26,2 тонна газ бар. Газдың орташа бөлшек сауда бағасы - 64 теңге.

Жалағаш аудан әкімі Ардақ Ибраимов және бірқатар аудан тұрғалары аудан аумағындағы автогаз құю станцияларда автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағалары мен мөлшері бойынша зерделеу жұмыстарын алдағы уақыттарда да тұрақты жүргізіп тұруды ұйғарды.

Тағы да оқыңыз: