Kyzylorda-news.kz Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігі су тасқыны жағдайы бойынша 20 сәуірдегі ақпарат мәлім бойынша мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі уақытта эвакуациялау пункттерінде 8786 адам, оның ішінде 3814 бала бар. 21494 адам үйлеріне оралған.
10,9 млн. м3 астам еріген қар суы сорылды, 3,7 млн. астам қапшық пен 1,4 млн. тонна инертті материал төселді. 4 534 тұрғын үй мен 2 763 аула аумағынан су бұрылды. Жедел желі телефонына 2 036 қоңырау түсті, - деп жазылған министрлік таратқан мәліметте.