Kyzylorda-news.kz  Ауыз суды тиімді пайдалануды қадағалау, су пайдалану ережелерін бұзу және бақшаларды заңсыз суару фактілерін анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Бұл қадам ауыз су беру жүйесіне түсетін жүктемені төмендетуге және соның салдарынан туындайтын мәселелерді болдырмауға, сумен жабдықтау желілеріндегі қысымды тұрақтандыруға мүмкіндік береді.

«Бүгінгі аралау жұмыстары Сабалақ елдімекенінде жалғасып, оған жауапты мамандармен қоса, саяжай тұрғындары жұмылдырылды.

​Рейд барысында ауыз су тұтынушылардың басым бөлігінде су есептегіш құралдарының істен шыққаны анықталды. Соның негізінде тұрғындар ауыз суды есепсіз пайдаланып, бақшаларды суарып келген деректері тіркелді. Бұл құқық бұзушылықтар 3 күн мерзім ішінде жойылмаған жағдайда, су пайдаланушыға тиісті шара көріледі. Ал, ауыз судың болмау дерегі анықталған үйлер бойынша сала мамандары ақаудың туындау себебін зерделеуде.

Жасыл желектерді және бақшаларды ауыз сумен суаруға тыйым салынады. Сондай-ақ, су есептегіш құралдарының пайдалану мерзімі өткен жағдайда ауыстыру қажет. Егер де, су есептегіш құралы істен шыққан немесе пломбасы үзілген жағдайда тұтынушы сала мамандарын хабардар етуі тиіс», делінген қала әкімдігі таратқан хабарламада.

​Атап өткен жөн, жүргізілген тексеру жұмыстарымен 17 заң бұзушылық анықталып, қайта есептемелер берілді. Жалпы, Сабалақ саяжайындағы ұңғымадан тәулігіне үздіксіз, жеткілікті деңгейде 1300 текше метр ауыз су беріліп отыр.

455091932_3674613999471998_7149370584132696024_n.jpg

Тағы да оқыңыз: