Kyzylorda-news.kz Жазғы маусымда кент және ауыл тұрғындары күннің ыстық кезінде өзен жағасында күндіз және кешкілік көпшілік болып жиналып от жағуды ұйымдастырады. Сол жаққан оттың көбін толығымен сөндірмей кете береді. Аяғында жаққан оттан дала өрті пайда болып жатады. Салдарынан табиғатқа қаншама шығын келеді. 

Суға шомылуға барғанда да өзен жағасын ластамауды, шыны бөтелкелерді қалдырмауды, жаққан отты толығымен сөндіріп кетуді әдетке айналдыруымыз керек. Мұның бәрі әлгіндей келеңсіз жағдайлардың алдын алуда маңызды екенін қаперден шығармаған жөн. Сонымен қатар адамдар өзен-көлдерге шомылуға жиі барады. Сол себепті әркім өз өмірі үшін қауіпсіздік ережелерін сақтауы тиіс.

Арнайы шомылуға арналған жерге суға түсуі қажет. Суға түсуге шығарда міндетті түрде жүзу құралдары техникалық жағынан түзу болуы тиіс, сондай-ақ жеке құтқару құралдарымен  жабдықталуы қажет, яғни құтқару желеті, суға батырмайтын дөңгелек камера болуы тиіс.

Егер жүзу білмеген жағдайда  арнайы құтқару желетін кию керек. Сондай-ақ міндетті түрде қайық үстіндегі тәртіп ережелерін білу қажет. Қайық үстінде тұруға және жүруге болмайды, қайықты бірден қатты қозғалту немесе шайқау, борт сыртына еңкею де аса қауіпті екенін қаперден шығармаңыз.

Ересек адамдарсыз кәмелет жасқа толмаған балаларға жүзу құралдарын пайдалануға тыйым салынады. Кәмелет жасқа толмаған балаларға үлкендердің қарауынсыз суға шомылуға болмайды.

Аудан тұрғындарына айтарымыз, су айдынына шығарда өз қауіпсіздігіңіз туралы ұмытпағаныңыз жөн. Қоршаған ортаны қорғауға және қауіпсіздік шараларын сақтап, орындауларыңыз керек. Сонда ғана қауіптің алдыг алуға болады. Бір сөзбен айтқанда, сақтансақ, сақтайтынын назарда ұстайық. 

Төтенше жағдай орын алған жағдайда 101 немесе 112 телефондарына хабарласыңыздар!

Тағы да оқыңыз: