Kyzylorda-news.kz Әдеп жөніндегі уәкіл Бағдат Әбдіқадырдың төрағалығымен аймақтағы спорт саласының қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, әдептілік нормалары бойынша түсіндірме семинары өтті.

Семинарға облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының қызметкерлері, аймақтағы спорт мекемелерінің басшылары мен есепшілері қатысты.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Нұржан Алиев «Мемлекеттік қызметшілермен әдеп нормаларының сақталуы, оның ішінде жұмыстан тыс уақытта қойылатын талаптар» хабарлама жасаса, Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Айнұр Болат «Мемлекеттік органдар мен ұйымдардарда, кәсіпорындарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында баяндама оқыды.

Жиында сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерін ішкі талдауға, қаржы бақылау шараларына, мүдделер қақтығысын болдырмауға, мемлекеттік меншікті мақсатты пайдалануға, жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына қатысты жан-жақты ақпарат берілді.

Спорт саласының өкілдерімен кездесу 2.jpg

Тағы да оқыңыз: