Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында облыстық VІІ «Ақ бидай» ауыл спорты ойындарынан спартакиада басталады.

13-тамызға дейін жалғасатын спартакиадада Қазалы ауданының намысын 80-нен астам спортшы қорғайды. Олар спорттың 9 түрінен сынға түседі.

Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев «Жалаңтөс батыр» атындағы орталық стадионда соңғы жаттығуларын өткізіп жатқан спортшылармен кездесіп, төрт жылда бір келетін дүбірлі додада жеңіске жетуге тілектестігін білдірді.

Ал, ардагер спортшы Әбдірейім Шүренов қазалылықтарға ақ батасын беріп, спортшыларға сәттілік тіледі.Айта кетейік, қазалылық спортшылар тоғызқұмалақ, асық ату, қазақ күресі, қол күресі, гір көтеру, жазғы президенттік көпсайыс, шағын футбол, волейбол және үстел теннисінен жарыс жолына шығады.

Тағы да оқыңыз: