Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен тіркелген симптомды науқастар саны – 532, ал симптомсыз- 196 азамат. Ал індеттен айығып шыққандар саны 465-ке жетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
«Симптомды жаңа 17 жағдайдың 13-і скринингтен, 2-еуі өз еркімен ақылы тест сынамасын тапсырған, ал қалған 2-еуі індет жұқтырған азаматпен байланыста болған. Сондай-ақ, соңғы тәулікте симптомсыз коронавирус инфекциясының 31 дерегі анықталды. Оның 10-ы скринингтен, 11-і қарым-қатынас арқылы , 10-ы ақылы тест сынамасын тапсырғаннан анықталды», – деді Жақсылық Әбілқасымұлы.
Сондай-ақ, вирус жұқтырғандармен байланыста болған- 6064 азамат анықталды. Оның ішінде, 3700-і тікелей қарым-қатынаста, 2364-і жанама байланыста болған.
Құрметті облыс тұрғындары, карантиндік шараларды қатаң сақтап және бетперде киюді жалғастыра беруге шақырамыз.