Kyzylorda-news.kz Қазгидромет еліміз бойынша қыркүйек-қараша айларына арналған ауа райының консультативтік болжамын жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Синоптиктердің болжамынша жылы және аз жауын-шашынды ауа-райы қыркүйектің бірінші онкүндігінде ғана сақталады. Содан кейін атмосфералық фронттардың жиі өзгеруі республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райына алып келеді. Жаңбыр, екпінді жел және ауа температурасының жиі ауытқуы күтіледі. Ал солтүстік аймақтарда түнде 1-7°C-қа дейін аяз күтілуде.Синоптиктер

Оңтүстік өңірлерде жоғары қысымның әсерінен жауын-шашын нормадан аз болады. Температура фоны салыстырмалы түрде жылы болып қалады. Алайда, ай бойы ауа температурасы: түнде + 15 +23°С-тан +3 +10°С-қа дейін, ал күндіз+25 +35°С-тан +15 + 23°С-қа дейін біртіндеп төмендейді.

Қыркүйек айында ауа температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1°-қа жоғары болады. Батыста, еліміздің қиыр шығысындағы және оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда норма шамасында болжануда.

Қыркүйек айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында және нормадан көп болжанса, елдің оңтүстік аймақтарында нормадан аз болады деп болжануда.

Ал қазан және қараша айларында күзден қысқа біртіндеп ауысу болжанады. Жалпы алғанда, республиканың басым бөлігінде ауа температурасы алдағы жылдармен салыстырғанда әдеттегіден төмен болады. Ал жауын-шашын мөлшері еліміздің барлық дерлік бөлігінде норма шамасында және нормадан көп болады деп болжануда. Тек еліміздің оңтүстік-батысы мен орталығында, жауын-шашын нормадан аз болмақ.

Тағы да оқыңыз: