Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданы – ежелден халық тығыз қоныстанған, ұлттық құндылықтарды сақтай білген, тарихи терең һәм өркениеті жағынан кемел өңір. Бүгінде ауданның әлеуметтік-экономикалық және ауыл шаруашылығы қарқынды даму үстінде. 

Әлеуметтік-экономикалық дамуы

Ауданда экономикалық тұрғыдан алғанда тұрақты жағдай қалыптасты. Кірістер бойынша, өңірдің бюджеті ағымдағы жылдың 1 қазанға болжамдалған 9 млрд. 461 млн. 532 мың теңгенің орнына 10 млрд. 66 млн. 103 мың. теңгеге немесе 106,4 пайызға игерілді.

Ал шығыстар бойынша, 9 млрд. 710 млн. 999 мың теңге жоспарланды. 9 айдың қорытындысымен 9 млрд. 709 млн. 730 мың теңгеге немесе 100,0 пайызға жүзеге асты.

Инвестиция игілігі

Ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары 56 млрд. 839 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдерін өндірді. Сондай-ақ 2022 жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 113,8 пайызды құрады. Өңірде инвестицияның да игілігі сезілуде. Мәселен, өңдеу өнеркәсібі өнімі көлемі 27 млрд 80 млн. теңгеге жетіп, 136,6 пайызды құрап отыр.

Құрылыс жұмыстары қарқынды

Шиеліде құрылыс жұмыстары да қарқын. 2023 жылдың 1 қазанға жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі 10 млрд. 815 млн теңге. Өткен жылмен салыстырсақ 192,1 пайызды құрады. Жеке тұрғын үй құрылысы ауданы 57363 шаршы метрді құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен 117,1 пайызды көрсетіп отыр. Сонымен қатар бөлшек сауда көлемі де 9,9 млрд. 79 млн теңге болып, өткен жылмен салыстырғанда 107,7 пайызбен игі жұмыстар жүргізілді.

Кәсіпкерлікке – кең өріс

Ауданда шағын және орта бизнесті дамытуда да жүйелі жұмыс жолға қойылған. Өңірде 7367 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген. Оның ішінде жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің үлесі 99,2 %-ға жетті.

Жұмыссыздықпен жоспарлы күрес

Жұмыссыздықпен де күрес жүйелі жүргізілуде. Статистикалық мәліметтерге сәйкес 36213 экономикалық белсенді халықтың 34406 адамы жұмыспен қамтылған. Жұмыссыздар саны 1807 адам, жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайызды құрайды. Ауданда бос жұмыс орындарға жәрмеңке тұрақты өткізіліп тұрады.

Айта кетейік, 2023 жылы 3096 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланды. Есепті мерзімге 2717 жаңа жұмыс орны ашылып жылдық меже 87,8 пайызға орындалды.

Ауыл шаруашылығы – аудан тірегі

Алдынғы толқын аға буынның еткен еңбектері қашанда келер ұрпаққа үлгі-өнеге. Ауыл шаруашылығы дамып, халықтың әл-ауқатын күннен-күнге жақсаруда. Аудан бойынша ауылшаруашылығы құрылымдары 31 млрд. 500 млн. теңгенің өнімін өндірді. Былтырғы жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 102,5 пайызды көрсетсе, ал мал шаруашылығында осы жылдың 1 қазанға дейін ірі қара 93 089 басты, уақ мал 141 241 басты, жылқы 24 819 басты, түйе 1705 басты, құс 30 079 басты құрап отыр.

Ауданда атқарылған жұмыс ауқымды және алдағы жоспар жүйелі. Атап айтсақ, газетіміздің алдыңғы сандарында «49 көше жөнделмек» деген мақалада: «Халық үніне құлақ түрген кент әкімі А.Өмірәлі биыл 49 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетінін жеткізді» деген сөз бар. Расымен, көшеге шығып қалсаңыз, асфальт төселген, жөндеу жұмыстары жүргізілген әдемі көшелерді көресіз. Бұл дегеніміз – нақтылы атқарылған жұмыстың нәтижесі.

Тағы да оқыңыз: