Kyzylorda-news.k Еліміздің батысындағыдай күнде бомба жарылып, оқ ысқырып жатпағанымен, тылдағы тірлік те соғыстағыдан кем болған жоқ. «Бәрі де жеңіс үшін, бәрі де майдан үшін» деген ұранмен жігерленген жұрт күнді түнге, түнді таңға ұластырып жұмыс істеді. Еңкейген кәріден еңбектеген балаға дейін тыным таппады. Оны көзімен көргендер ғана айта алады.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске тыл еңбеккерлерінің қосқан үлесі орасан зор. Балғындықпен ерте қоштасқан балалар, майдандағы жауынгерлердің аналары мен жарлары елде тынымсыз тер төкті. Олардың қатарында Әділхан Османов, Зейнеп Қадарқызы да бар.
Жеңіс күні мерекесі қарсаңында Шиелі ауданының әкімі Нұржан Сәбитұлы тыл ардагерлерінің отбасына барып, тылдағы майданда тынбай тірлік істеген жандардарға алғысын білдірді.
Алдымен, аудан басшысы Шиеліге қарасты Алмалы ауылындағы 100 жастағы тыл ардагері Әділхан Османовтың шаңырағында болды.
Шиелі ауданы әкімі Нұржан Ахатов сұрапыл соғыс кезінде «Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін» деген ұранмен таң сәріден, кеш батқанға дейін қажырлы еңбек етіп, соғыс күндерінің барлық ауыртпалықтарын қайсарлықпен көтерген ғасыр адамына ізгі лебізін білдіріп, сый-сияпатын табыстады.
Одан соң, Бестам ауылындағы 99 жастағы тыл ардагері Зейнеп Қадарқызының отбасына барып, қарт ананы қуанышқа бөледі.
Сондай-ақ, мереке қарсаңында Шиелі аудандық мәслихат төрағасы Айтбай Жандарбеков, «Аманат» партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасы Болат Сыздық және Шиелі ауданы әкімінің орынбасарлары аудан басшысының құттықтауын бірқатар тыл ардагерлеріне жеткізді.
Үлкенін құрметтеп, ізгілік жолымен келе жатқан ел ісіндегі азаматтарға ардагерлер ризашылықтарын жеткізіп, ақ батасын берді.