Kyzylorda-news.kz Бүгінгі таңда ұлттық жекпе-жек спорт түрінің дәурені жүріп, төрге озып, әлем елдерің алдында ерекше бой түзеп келеді. Қажырлы қайрат, адал маңдай тер мен шыдамдылықты қажет ететін бұл спорт түрімен айналысып жүрген жастардың саны күн санап арту үстінде. Нәтижесі де жоқ емес. Байрақты бәсекелерде бағы мен бабы сай келген спортшыларымыз топ жарып, рухымызды асқақтатып, жетістікке жетуде.

Жуырда Қызылорда қаласы, Евразия спорт кешінінде «ARASHI MMA» жекпе-жек спорт түрінен жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Аталған жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген 10 салмақ дәрежесінде, 400-ге жуық жас спортшылар қатысты. 

Чемпионатта Шиелі ауданының намысын қорғап барған Ақмая ауылының споршылары да бақ сынап, жеңіс тұғырынан көрінді. 2 күнге жоспарланған жарыстың нәтижесі бойынша 42 келі салмақта Нұрлыбек Елеусіз және 20 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Рамазан Базарбай қарсылас шақ келтірмей ҚР чемпионы атанып, алдағы уақытта өтетін Әлем біріншілігіне жолдаманы жеңіп алды. 

«Ұстаз талантты болса, шәкірті талапты болады» дейді халық даналығында. Дүбірлі додада топ жарған жас спортшылар осынау чемпионатқа тыңғылықты дайындап, қатыстырған бапкерлері Қасымхан Сәдуов пен Мұстафа Төлегенге өз алғыстарын жеткізді.

Тағы да оқыңыз: