Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланысты айшықтай түсетін ірі өндіріс орны – «Гежуба Шиелі цемент» зауыты деуге толық негіз бар. Қытай инвесторларының көмегімен салынған Орта Азиядағы заманауи технологиялы алғашқы өндіріс орны бұл. Бұл еліміздегі бірегей цемент зауыты екені айдан анық. Сондай-ақ, аудан халқының әлеуметтік жағдайын арттыратыны да сөзсіз. Зауыттың құрылысы басталған кезде 1200 адамды жұмыспен қамтыған болатын. Қазіргі таңда да аудан халқының тіршілігіне септесіп, жұмыссыздық дерегінің төмендеуіне үлес қосып келеді.

«Гежуба Шиелі цемент» зауыты Төңкеріс ауылдық округіне жақын орналасқан. Көп жылдардан бері ыза су мәселесінен зардап шеккен ауыл тұрғындарының мұң-мұқтажын аңғарған «Гежуба Шиелі Цемент» зауытының басшысы 2 километр жерге арық қазып, ауыл іргесін ыза судан арылтуға демеушілік танытады. Тек бұл емес, өңірдегі тұрмысы төмен 10 отбасыға азық-түлік тарқатып, қолдау танытады. Аудан экономикасына ғана емес қайырымды істердің басы-қасынан табылып жүрген өндіріс басшысы қыс айларында тұрмысы төмен жандарға 12 тонна көмір түсіріп беруге де ықпал жасайды. Көктем шыға 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында батыр аналарға ақ жаулық тағып сый-сияпат көрсетеді. Одан әрі Ұлыстың ұлы күнінде де қазақ халқының жаңа жыл мерекесін ескеріп, аудандағы аз қамтылған отбасыларға көмек қолын ұсынады.

Тағы да оқыңыз: