Kyzylorda-news.kz Шиелі аудандық маңыздағы «Самара-Шымкент» автомобиль жолының қайта құрылымдау жұмыс барысына зерделеу жұмыстары жүргізілді. Арнайы құрылыс барысымен танысып, зерделеуге Шиелі аудандық мәслихат төрағасы Айтбай Жандарбеков, аудандық қоғамдық кеңес мүшесі Насыр Мырзабеков, аудандық мәслихат депутаттары Д.Досмағанбетов пен Қ.Жүсіпов, сонымен қатар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ғ.Аманжолов қатысты.

Сметалық құны 1 888 570,0 мың теңгені құрайтын құрылыс-монтаждау жолының ұзындығы – 7,9 километр. Бүгінде ені 3 метрден тұратын 2 жолақты жолдың қайта құрылымдау жұмысы қарқынды жүргізілуде. 

Құрылыс жұмыстарына 2023 жылы ҚР Ұлттық қорынан барлығы 416 123,0 мың теңге қарастырылса, 2024 жылы республикалық бюджеттен 50,0 млн теңге қаржы бөлінген. Бас мердігер «Ақ Тоған» ЖШС-мен барлығы 1 712 427 757,38 теңгеге, техникалық қадағалаушы «Аймереке» ЖШС-мен 52 563 519,86 теңгеге, авторлық қадағалаушы «Димаш-Сервис» ЖШС-мен 20 188 621,60 теңгеге келісімшарт жасалған.

Айта кетейік, жұмысшы топ құрылыс объектісін зерделеу барысында тапсырыс беруші мекеме мен мердігер мекеме өкілдеріне зерделеу жұмыстары тұрақты түрде жүргізілетінін айтты. Жауапты мамандарға келісімшартта көрсетілген мерзімде жұмыстарды аяқтап, ел игіліге сапалы түрде беру қажет екенін ескертті.

Тағы да оқыңыз: