Kyzylorda-news.kz. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – уақыт талабы. Дәл осындай тақырыпта жуырда Шиелі ауданына қарасты Жаңатұрмыс және Бәйтерек ауылдық округінде Шиелі аудандық қоғамдық даму бөлімінің тапсырысы аясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» әлеуметтік жобасы негізінде ауыл тұрғындарымен кездесу өткен болатын. 

Келелі кездесуге заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Ләззат Майлыбайқызы арнайы келіп, тұрғындарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заң талаптары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 

Бұл кездесудің мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық принциптерін енгізу болып табылады.

Шарада сөз алған заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Ләззат Майлабайқызы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және парасаттылық мәдениетін қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылып отырған жобалармен таныстырды.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген жаңашылықтарға тоқталып, басшылар бағынышты қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық қылмысын жасатпауға, оның алдын алуға міндетті екендігі жеткізілді.

Шара барысында Call-орталығы азаматтарға тегін ақпараттық-консультациялық қолдау көрсетеді, шағымдар, өтініштер, ұсыныстар мен пікірлерді қабылдайды, сыбайлас жемқорлық фактілеріне, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру жағдайлары туралы телефон хабарламаларына шұғыл әрекет ететіндігі хабарланды.

Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.

Тағы да оқыңыз: