Kyzylorda-news.kz «AMANAT» партиясының бастамасымен еліміз бойынша сайлауалды уәделердің орындалу барысын жүйелі бақылап отыру мақсатында ауданымызда салынып жатқан құрылыс нысандарына партиялық бекеттер ашылуда. Жыл басынан бері Шиелі ауданында барлығы 5 партиялық бақылау бекеті ашылған болатын.

Бүгін яғни, 14 мамыр күні осындай нысандардың бірі партияның сайлауалды бағдарламасы аясында Бестам ауылындағы құрылысы басталған 

150 орындық клубқа партиялық бақылау бекеті ашылды. 

Клуб құрылысының жобалық құны – 431,0 миллион теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстарын мемлекеттік сатып алу жұмыстары аясында жеңімпаз болып танылған Бас мердігер – «СК Дәнекер» ЖШС-гі жүргізуде. Авторлық қадағалаушы – «ПроектСервис» ЖШС-гі. Техникалық қадағалаушы – «ARTERIA» ЖШС-гі. Осы мамыр айында басталған құрылыстың 30 пайыздан астам жұмыстары атқарылған. Аяқталуы 2024 жылдың қараша айы деп жоспарлануда. 

Бақылау бекетінің ашылуына «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық партия филиалының төрағасы Болат Сыздық, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Насырбек Мырзабеков және комиссия мүшелері, аудандық құрылыс бөлімі мен мердігер мекеменің өкілдері қатысты. 

Алдағы уақытта партиялық бақылау бекетінің жетекшілері мен комиссия мүшелері құрылыстың сапасына басты назар аударып, клубтың толық құрылысы аяқталғанға дейін қадағалайтын болады.

Тағы да оқыңыз: