Kyzylorda-news.kz Таяуда «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Партияның сайлауалды бағдарлама аясында құрылысы жүріп жатқан Шиеліге қарасты Иіркөл ауылдық округі, Жансейіт елді мекенінде мемлекет қаржысына құрылысы салынып жатқан 100 орындық білім нысанының жұмыстарына бақылау жұмыстарын жүргізді.

Құрылыс жұмысын бақылауға Шиелі аудандық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Насырбек Мырзабеков, комиссия мүшелері Ғани Есімов, Олжас Назымханов, Шиелі аудандық маслихат депутаты Нұргүл Шалекеева, Иіркөл ауылдық округінің әкімі Ержан Оралбек және мердігер мекеменің өкілдері қатысты.

Бақылау бекеті орнатылған бұл нысан сапасын комиссия мүшелері бұған дейін де бірнеше рет келіп бақылау жұмыстарын жүргізген болатын. Қазіргі кезде құрылыс жұмыстары алпыс пайызға орындалып, қарқынды жүруде. Нысан құрылысы биыл қыркүйек айында пайдалануға берілмек.

Жұмыс барысында комиссия мүшелері нысанның сыртқы қоршауына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар мен құрылыс жұмысының сапалы әрі тиянақты жүруін, жұмыс кестесінен кешіктірілмеуін басты назарда ұстап, мұның барлығы партия бақылауында болатынын ескертті.

Алдағы уақытта да сайлауалды бағдарлама аясында салынып жатқан құрылыс нысандары, құрылыстың уақытылы әрі сапалы орындалуы жолында партиялық бақылау комиссиясы үнемі бақылау жұмыстарын жүргізіп отыратын болады.

Тағы да оқыңыз: