Kyzylorda-news.kz Адамзат баласының қалыпты өмір сүруіне күнделікті тұтынатын  қарапайым тұрмыстық тауарлар ауадай қажет болса, оның ішінде азық-түліктің маңызы ерекше. Ал азық-түлік бағасын тұрақтандыру қоғамда талқыланып жатқан мәселенің бірі. Ендеше Шиелі ауданында азық-түлік бағасы тұрақты ма? Әрине, бұл сауал көкейімізде тұр. Сұраққа жауап іздеу үшін бізде зерделеп, бағдарлап көрдік.

Шиеліде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына мониторинг жүргізу, оны реттеу мен тұрақтандыру және жүйелі шаралар қабылдау жөнінде жұмысшы тобы құрылған. Осы аталған топ күнделікті кент орталығында орналасқан сауда орындарын, орталық базарды аралап түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Кентте орналасқан 10 дүкенге және Ә.Шорабаев атындағы орталық базарға азық-түлік бағаларына мониторинг жасап отырады. 

Сонымен қатар сауда орындарында жасанды түрде баға көтеру фактілерін болдырмау үшін «Amanat» партиясы аудандық филиалы жанынан құрылған мониторингтік жұмысшы топпен аптасына 2-3 рет әр сатушымен әкелінген өнімнің бағасын 10-15 пайыздан асырмау жайлы түсіндірме, ескертпе жүргізіп тұрады. 

Жыл басынан бері азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мақсатында Шиелі ауданында бірнеше рет ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдыстырылды. Атап айтсақ, «Байқоңыр» ӘӘК» АҚ-ның тұрақтандыру қорынан жалпы көлемі 109 тонна өнім алынып халыққа арзан бағада ұсынылды. Атап айтсақ, картоп – 120 теңгеден, ұн жоғары сұрып (50 кг) – 6750 теңгеден, сәбіз – 109 теңгеден, пияз – 30-50 теңгеден арзан бағада сатылды. Осы уақытқа дейін өңірде 4 рет жәрмеңке өткізіліпті. 

Бүгінде азық-түлік бағасы тұрақты бақылауға алынып, әлеуметтік дүкен ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, аудан тарапынан әлеуметтік бұрыш ашу үшін жеке кәсіпкер «Аян» сауда дүкенінің иесі Қуанышбек Стиев «Байқоңыр» ӘӘК» АҚ – мен құжаттарын рәсімдеу (займдыққаражаталу) жұмыстары қарастырылуда. Займдық қаражатты алған жағдай әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын арзан бағада ұсынатын болады.

Қазіргі уақытта қандайда бір өнімге сұраныстың өсуі немесе өнімнің жетіспеушілігі байқалмайды. Алдағы уақытта да ӘМАТ сату бағасына сауда үстемесін шамадан тыс қосу факілерін орын алдырмау мақсатында шағын маркеттермен үй жанындағы дүкендерге бақылау және заң талаптарын түсіндіру жұмыстары қолға алынады. 

Елімізде азық-түлік бағаларын бақылауға алуға және оны тұрақтандыруға баса көңіл бөлініп отыр. Осы ретте Шиелі ауданында да жүйелі де, жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні сол, азық-түлік бағасын бақылау және тұрақтандыру басты назарда қала бермек.

Тағы да оқыңыз: