Kyzylorda-news.kz Жуырда Шиелідегі «Ханқожа» көлінде су спорты және ойын – сауық қызметін ұйымдастыру бағытында «Саяхат» вейкпаркінің ашылуы салтанаты өтті.

Салтанатты шараға Шиелі аудандық мәслихат төрағасы Айтбай Жандарбеков пен ардагерлер қатысып, туризмді дамытуға өз үлесін қосып жатқан кәсіпкерлерге алғысын білдірді.

Қоса кеткен жөн, «Ханқожа» көлінің жағасында ашылған бұл вейкпарк ойын-сауық кешендері экстремалды демалуды жаны сүйетін, таза табиғатты қалайтын туристерге ең үздік қызметтерді көрсетпек. Бір сөзбен айтқанда, Шиелі өңірінде туризмді дамытуға үлкен серпін береді. Бұл вейкпарктің ашылуы соның айқын дәлелі. Бүгінде «Ханқожа» көлі өңірге келетін туристердің сүйікті мекеніне айналып үлгерді. Яғни 62 жағажай орны ашылып, 7 катер және 34 әртүрлі маркалы қайық пен 33 шағын катамарандар демалушыларға ақылы түрде жалға беріледі екен. Ұзындығы 47 шақырымды құрайтын демалыс аймағы нағыз туристерге арналған аймақ десек, қателеспеген болар едік. Себебі Сыр еліндегі Қамбаш көлінен кейін үлкен аумаққа ие бұл көлдің маңы туризмді сөз еткенде ұмыт қалмай айтылуы тиіс басым бағыт. 

Енді, міне, вейк-парк кешені ашылып, Шиелідегі туризм саласы тұраламақ емес. Бұл да өз кезегінде экстремалды демалуды жаны сүйетін туристердің сүйікті орнына айналатынына шүбәсіз сенуге болады.

Тағы да оқыңыз: