Kyzylorda-news.kz Соңғы жылдары Шиелі ауданының әлуметтік-экономикасы айтарлықтай дамып, алға басқаны көңілге қуаныш нұрын себелейді. Бұл дер кезінде оңтайлы шешім қабылдап, жаңа бағыттағы өзгерістерге айтарлықтай жол ашылғандығын көрсетеді. Бүгінде Шиелі ауданы аграрлық салаға бейім болғандықтан жыл сайын қамбаны қызылға толтырып, толымды жұмыстар атқарып келеді. Берекесі мен мерекесі жарасқан шежірелі өлкенің аграрлық саласы қарыштап дамып, озаттар қатарында көш бастағаны тағы бар. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында «Қазақстанның алдында тұрған аса маңызды міндет – өнеркәсіптік әлеуетімізді толық пайдалануымыз керек» деген болатын. Бұл мәселеге мал терісі мен қой жүні де кіруі керек. Себебі жылдар бойы жыр болған жүн жыры бір арнаға келер емес. Бұл әрине таптаурын болған тақырып. Алайда төрт түлігін төскейге өргізген ауылдағы ағайын үшін әлі де күн тәртібінен түскен жоқ. Дегенмен, мал терісіне сұраныс бұрындары жақсы болса, қазіргі таңда мал терісін қабылдайтын орталықтар жоқ. Бұл бағытта Шиелі ауданының кәсіпкерлеріне тері өңдеу цехтары мен тері қабылдау орындарын ашу жөнінде ұсыныстар беріліп, мемлекетен жеңілдетілген несиелер алуға болатындығы жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді. Мал сою барысында арнайы орныдарда сойылмағаннан кейін, теріге зақым келіп қабылдау орындары теріні жаратпай жатыр. Бұл бағыт бойынша әлі де тыңғылықты жұмыстар жүргізілмек. Алдағы уақытта бұл мәселенің де оңтайлы шешімі шығатыны шүбәсіз.

Өткен жылы Бәйтерек ауылдық округіне қарасты Бидайкөл ауылында «Қызанақ пастасын өндіру цехын» іске қосылған болатын. Өздеріңізге белгілі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты қорғау министрлігінің кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру мақсатында жеңілдетілген несие түрі бекітіліп, аз мөлшердегі үстемақымен несие беру «Ауыл Аманаты» жобасы іске асырылды. Осы жоба аясында Бәйтерек ауылдық округінде «Barly Bai K» өндірістік кооперативі құрылып, мемлекет тарапынан қолдау тауып 27,6 млн теңге қаражатқа мақұлданған болатын. Бағдарлама арқылы алынған қаражатқа Ресей Республикасынан құрал жабдықтар сатып алынды. Жобаның жалпы жобалық құны 48 миллион теңгені құрап отыр. 

Шиелі ауданында өткен жылы ауыл шаруашылығы саласы бойынша 40 миллард 599 миллион 400 мың теңгенің өнімі өндіріліп, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,5 пайызға артқан. Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың негізгі индикаторларының іс-шара жоспарына сәйкес, мал шаруашылығын дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. Шиелі ауданы бойынша 2023 жылдың 1 қарашаға барлық төрт түлік мал саны: ірі қара – 93 220 бас, қой менешкі – 138 883 бас, түйе – 1705 бас, жылқы – 24 633 бас, құс – 30 079 басты құрады. 2023 жыл 2022 жылға қарағанда мал санының өскенін байқауға болады. Төрт түлік мал басының артуына байланысты өңдірілген өнімдерде өнім 4500,4 тонна ет, 17642,5 тонна сүт өндірілді. Өткен жылы ауданда 30 792 гектарға егін орналастырылған. Негізгі дақыл күріштің үлесі – 13 176 гектарды құрады. Атап айтар болсақ, күздік бидай – 1 387 га, жаздық бидай – 240 га, тары – 240 га, дән жүгері – 103 га, мақсары – 877 га, жаңа жоңышқа – 3 421 га, ескі жоңышқа – 5 584 га, күнбағыс – 15 га, мал жемдік асқабақ – 201 га, жемдік жүгері – 71 га сондай-ақ, картоп – 1 223 га, көкөнiс – 1 818 га және 2 436 га бақша дақылдары егіліп, өнімдерді жауын-шашынға қалдырмай жинап алдық. Аталған егіске 14 335 тонна минералдық тыңайтқыш пен 12 045 литр арамшөптерге қарсы гербицид қолданылған. Сондай-ақ 2023 жылы облыс әкімінің тапсырмасына сайкес, аудан бойынша азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етумен әр тұрғын өзін-өзі бақша өнімдерімен қамту мақсатында 1520 гектар қосымша жер ашылып, тұрғындар тарапынан көкөніс, бақша дақылдары егіліпті. Оның ішінде, 406 гектары картоп, 527 гектары көкөніс және 587 гектары бақша дақылдарының үлесінде. Бүгінде өнімдер толық жиналып жоғары өнім алынды. Сонымен бірге 13 176 гектар күріштің әр гектарынан 56 центнерден өнім алынып, 73 786 тонна сыр салысы өндірілді. Өздеріңіз білетіндей, өткен жылы Шиелі ауданы ауыл шаруашылығы саласы бойынша биіктен көрініп, егін шаруашылығы бойынша облыста «Үздік аудан» атанды. Бұл да үлкен еңбектің арқасында жеткен жетістік. Диқан қауымының ерте көктемнен бастап төккен тері лайықты бағаланды деп ойлаймыз. Бүгінде ауыл шаруашылық құрылымдары жаңа үлгідегі МакДон, Джон Дир, Класс, Енисей, Есіл маркалы соңғы үлгідегі ауыл шаруашылық технологияларымен толықты. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қолында күзгі дала жұмыстарына 331 дана трактор, 117 дана комбайн, 63 дана жатка,52 дана автомашина және 164 дана трактор бар. Шиелі ауданында кейінгі 4 жыл көлемінде отандық және шетелдік техникалармен 57 пайызға техника паркі жаңарды. 2023 жылы ауданға ауыл шаруашылығы құрылымдары жаңадан 6 Комбайн, 3 жүк тиегіш және 12 трактор алынып, бұл өлкеге 1 млрд 177 млн 519 мың теңге инвестиция тартылған. Бұл да ауыз толтырып айтарлық жетістіктер деп санауға болады. 

Шиелі ауданының жалпы жер көлемі 3 миллион 239 мың гектарды құрайды. 6 санаттың жерлері бар. Басым бөлігі 1,6 млн гектар орман қоры жерлері. Дегенмен, бұл ауданда Қаратау жотасы, Сарысу массивтері табиғи жайлымдары бар. Аталған жайылымдар негізінен көктемде көктеу, жазда жайлау ретінде пайдалануға өте қолайлы. Геоботаникасы табиғи шөптердің мезгіл мезгілмен шығуы малшылар үшін таптырмас жайлы жағдай туғызады. Әрине, аталған аумақтардан қажетті жайылымдар «Жайылымдар туралы» ҚР Заңына сай арнайы елді мекен малдары үшін белгіленіп, жайылымдарды басқару жоспарына сай сызылған.

Иә, қай ел мен жер болса да жол мәселесі күн тәртібінен түспейтін мәселе. Қазақта «Жол мұраты жету» деп жатады. Шиеліліктер үшін жол мәселесін шешу бағытында түрлі жұмыстар жүргізіліп келе жатқанын көз көріп жүр. Бұрынғы ойлы-шұқырлы жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қайта жаңғырды. Өткен жылы аудан орталығындағы көшелерді жөндеу жұмыстарына республикалық, облыстық және аудандық бюджеттен елді мекен көшелерін жөндеуге 2 031 371,9 мың теңге қаралып, келісім шарт жасалып, қазіргі уақытта 1 614 399 414 мың теңге игерілді. Бұл дегеніміз бөлінген қаржының 79 пайызы игеріліп, нақты жұмыстар жүргізілгенін айта аламыз. Одан бөлек, Сұлу төбе елді мекеніндегі М.Тоқмағанбетов автомобиль жолын күрделі жөндеу жұмысын аяқтауға облыстық бюджеттен 241 285,4 мың теңге қаралып, құрылыс-монтаждау жұмыстары толығымен аяқталып, нысан ел игілігіне пайдалануға берілді. 2023 жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жеті елді мекеннің жалпы ұзындығы 29 шақырымды құрайтын 28 көшесін орташа жөндеуге 561 282,8,0 мың теңге бөлінді. Атап айтқанда, Бәйгеқұм ауылында 4 көше, Ш.Қодаманов ауылында 2 көше, Ақмая ауылында 2 көше, Ы.Жақаев ауылында 9 көше, Бала би ауылында 6 көше, Тартоғай ауылында 2 көше, Шиелі кенті Арай мөлтек ауданында 3 көшеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бөлінген қаржы толығымен игерілді.

Тағы да оқыңыз: