Kyzylorda-news.kz Апта басында Шиелі аудандық прокоротураның бастамасымен,  Мансап орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрменкесі өтті. Жәрменке өткізудің мақсаты – екі қолға бір күрек іздеген азаматтарды жұмыспен қамту, жұмыссыздық деңгейін төмендету. Осы орайда Шиелі аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ғимаратында  19 жұмыс беруші мекеме қажетті мамандар тізімін ұсынды. Оған әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылардан жұмыссыз 50-ге жуық азамат қатысты. 

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне Шиелі аудандық білім бөлімінің №149 Әлиакбар Монтаев атындағы орта мектебі, Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі, «Honeymood-Балдай» кондитерлік дүкені, «Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС, «Шиелі ауданаралық көпбейінді орталық ауруханасы», «САС Қазақстан» ЖШС, СПМ-Қызылорда ЖШС, Бала би ауылдық мәдениет үйі, «KMF» микроқаржылық ұйымы мен жеке кәсіпкерлер тарапынан 61 бос жұмыс орны ұсынылды. Жәрмеңкеде Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының мүмкіндіктері мен жұмыспен қамту саласында көрсетілетін әлеуметтік колдау түрлері туралы кеңінен мәліметтер берілді. Сонымен қатар 8 азамат тұрақты жұмысқа орналасып, 15 азаматтың түйіндемесі әңгімелесуден өткізу үшін қабылданды. Пробация есебінде тұрған 2 азамат бизнес-идеяларды дамытуға қайтарымсыз грант алуға өтініш білдірді.

Қазіргі таңда «Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС, Шиелі электр тарату торабы акционерлік қоғамы, «Ритм» ЖШС, «Honeymood-Балдай», «САС Қазақстан» ЖШС тарапынан ұсынылған бос жұмыс орындарына «электромонтер», «Аспаз», «Тау-кен инженері», «сатушы» «қосалқы жұмысшы», «Бетоншы» маманы қажет. Толық ақпарат алу үшін Шиелі кенті М.Шоқай №53 мекен-жайында орналасқан аудандық Мансап орталығына жүгінсеңіздер болады.

Тағы да оқыңыз: